Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 1911 0 пікір 12 Ақпан, 2010 сағат 06:12

«Астана» велокомандасының негізін қалаушылардың бірі Проскурин ҚР велоспорт федерациясының вице-президенттігін тастап кетіп жатыр

Алматы. 11 ақпан. ҚазТАГ – «Астана» велокомандасының негізін қалаушылардың бірі Николай Проскурин ҚР велоспорт федерациясының вице-президенттігін тастап кетіп жатыр. Ол өзінің шешімі туралы бейсенбі күні баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Мен команданың жаңа демеушісі «Самұрық-Қазынамен» әр түрлі пікірде болғандықтан кетуді ұйғардым. Олар командадан бизнес-жоба жасағысы келеді, сол арқылы ақша тапқысы келеді. Бірақ менің түсінігімше, «Астан» - ең алдымен спорттық жоба, ел беделі, атақ-даңқы», - деді Н. Проскурин. 

Н. Проскурин Қазақстанда спортты дамыту жүйесі жоқ деп есептейді.

«Мен оны көріп тұрған жоқпын. Бізде спортты дамыту жүйесі болмайынша, бізден түк те шықпайды. Бізде қазір ірге тассыз үй тұрғызылып жатыр», - деді ол.

«Мен спорттың әр түрінде, ең алдымен, өз ісінің мамандары жұмыс істеуі керек деп есептеймін. Бірақ, велоспорттан тіпті алыс бүткілдей бригада келіп, «жоқ, енді біз басқа жолмен жүреміз және жақсы боламыз» деп айта бастағанда...  Біз соңғы екі жылда әлемдегі ең жақсысы болдық, бірақ спорт әлемінде бірінші орыннан да жоғары орын болмайды. Мейлі, жасай берсін», - деді ол.

Н. Проскурин сол бейсенбі күні ҚР фелоспорт федерациясына өзін міндетінен босататындығы туралы ресми хат жолдайтынын мәлім етті.

Еске сала кетсек, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2009 жылдың соңында велокоманданың жаңа бас мердігері болды.

0 пікір

Үздік материалдар