Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2054 0 пікір 10 Ақпан, 2010 сағат 07:14

ОСК Қостанай облысынан шығып қалған сенатордың орнына сайлау тағайындады

Астана. 10 ақпан. ҚазТАГ – Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қостанай облысынан шығып қалған парламент сенатының депутаттығына сайлау өткізуді 2010 жылдың 23-ші сәуіріне тағайындады.

9-шы ақпанда тиісті қаулығы ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов қол қойды, сәрсенбі күні құжат ресми басылымдарда жарияланды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңының 12-ші бабы, 13-ші тармақшасы, 69-шы бабы, 3-ші және 4-ші тармақшаларына сәйкес ҚР орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: Қостанай облысынан шығып қалған сенат депутатының орнына 2010 жылдың 23-ші сәуіріне ҚР парламентінің сенат депутаттығына сайлау өткізілсін», - делінген қаулыда.

Сонымен қатар Қостанай облысында сенат депутатын сайлауға қажет шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген.

ОСК қаулысы сайлауды өткізуге қажет шараларды ұйымдастыру үшін Қостанай облысының сайлау комиссиясына жіберілді.

Бұрын хабарланғандай, Қостанай облысының бұрынғы сенат депутаты Евгений Аман 2009 жылы желтоқсанда Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы етіп тағайындалған. Сенатта ол аграрлық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау комитетін басқарған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624