Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2390 0 пікір 9 Ақпан, 2010 сағат 04:57

Өзбек әскерилері тәжіктердің 25 шекарашысын қуып шықты

Ташкент. 8 ақпан. ҚазТАГ – Өзбек әскерилері ел территориясына басып кірген тәжіктердің 25 шекарашысын қуып шықты, деп хабарлады Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік қызметінің мемлекеттік шекараны қорғау комитетінің (ҰҚҚ МШҚК) баспасөз қызметі.

«6-шы ақпанда түсте, Өзбекстанның Жизақ облысындағы аумағына екі офицер басқаруындағы қаруланған 25 тәжік шекарашылары кіріп келді», - деп хабарлайды ҰҚҚ МШҚК.

Тәжіктердің мұндай әрекетіне Өзбекстан аумағында Тәжікстанның шекара әскерлерінің қатардағы жауынгерінің ұсталғандығы себеп болды. 

«Ұсталған жауынгер өзінің командирлерінің бұйрығымен Өзбекстан азаматтарының малын ұрлап келу туралы тапсырмамен келгенін мойындады. Оның айтуынша, олар көптен азық-түлікпен қамтамасыз етілмегендіктен, осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр», - дейді ҰҚҚ МШҚК.

Баспасөз қызметі, республика аумағына басып кірген қарулы топ тұтқындалған шекарашыны қайтарып берулерін талап еткенін айтады. Оларға бұл мәселе бекітілген тәртіп бойынша шешілетінін түсіндірген соң, тәжік әскерилері республика аумағын тастап кетті.  

«Өз әрекеттерімен тәжіктер жағы жалпыға ортақ халықаралық нормалар мен мемлекеттік шекараның мызғымастығы туралы екіжақты келісімшартты бұзды. Аталған әрекет қарулы шабуыл ретінде бағалануы да мүмкін еді, бірақ, Өзбекстан шекарашылары, тәжіктер шекарашыларының арандатушылық әрекеттеріне қарамай, ұстамдылық танытып және қару қолдануға жол бермеу арқылы адам шығынына әкеліп соғуы мүмкін қарулы қақтығысты болдырмады», - деп атап көрсетті мемлекеттік шекараны қорғау комитетінен.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1446
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1293
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1047
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1101