Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 5 Ақпан, 2010 сағат 05:57

Прокурорлар УОА мен ТА-дағы тергеудегілерді азаптау фактілеріне қатысты апта сайын тексеріп отырмақ

Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Прокурорлар, тергеудегілерді құқыққорғау органдары қызметкерлерінің азаптауы мен ұру фактілерінің болған, болмағандығын анықтау үшін апта сайын алдын-ала ұстау орындарын тексеріп отырмақ. Бұл жайында бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков хабарлады.

Бұл шара прокурорлық қадағалауды жетілдіру үшін енгізіліп отыр және бас прокурор қол қойған нұсқаулықпен бекітілген.

«Нұсқаулық прокурорларға ұсталған адамды тергеу барысында, соттың тұтқындауға санкция беру мәселесін қарағанда, басқы сот қарауын жүргізгенде азаптау мен өзге де қатаң шаралардың қолданылу фактілерінің болғандығын анықтауды міндеттейді. Алдын-ала ұстау орындарында және жазаны атқару мекемелерінде прокурорлар апта сайын, тергеу және жедел әрекеттерін жүргізу үшін шығарылған барлық күдіктілерді, айыптыларды, сотталушылар мен сотталғандарды оңаша қабылдайды», -деді Н.Сүйіндіков бейсенбі күні өткен брифингте.

Бұдан бөлек, деді ол, ұсталғандар мен тұтқындалғандарды уақытша оқшаулау абақтысы (УОА) тергеу абақтысына (ТА) жеткізгенде, сонымен бірге азаптаудың қолданылуына байланысты түскен әрбір шағым бойынша медициналық тексеру мен куәландыру жүргізіледі.

Егер азаптау мен соққыға жығу оқиғаларының болғаны дәлелденсе, онда прокурорлар мұндай жолмен алынған дәлелдерді қабылдамау жөнінде мәселе қоймақ.

«Азаптауға байланысты қаралған әрбір материал бойынша, ықпал етудің рұқсат етілмеген тәсілдерін қолданған қызметкерлерді де, осы әрекетке енжарлық  танытқан немесе шағыстырған лауазымды тұлғаларды да қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қойылады», -деп атап өтті бас прокуратураның өкілі.

Сонымен бірге, нұсқаулық бойынша, денсаулық сақтаудың, білім берудің, әлеуметтік қорғаудың және ішкі істер органдарының мамандандырылған мекемелер жүйесінде азаптаулар мен қатаң қарым-қатынастың өзге де түрлерін қолданудың алдын алу  мен жолын кесу үшін арнайы шаралар белгіленеді, деді ол.

«Аталған құжаттың ережелерін жүзеге асыру, азаматтардың конституциялық құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етеді деп ойлаймыз», - деді Н.Сүйіндіков.

0 пікір