Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2675 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 06:05

KazSat-2-ні ұшыру2010 жылдың желтоқсанына жоспарланған – Қазғарыш

Астана.2 ақпан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. «KazSat-2»-ні ұшыру2010 жылдың желтоқсанына жоспарланған, деп хабарлады Ұлттық ғарыш агенттігінен.

«KazSat» сериясындағы спутниктердің мониторинг жүйесін жерден басқару кешенін жетілдіру жұмыстары аяқталып келеді, жасалып жатқан «KazSat-2» ҒА ұшырылу 2010 жылға жоспарланып отыр», - делінген коллегияның сейсенбі күнгі отырысының алдында таратылған ақпараттық парақшада.

Одан басқа, делінген хабарда, геостационарлық ҒА-ны жерден басқарудың резервтік кешенінің құрылысы үшін жер бөлу мәселесі шешілген.

«Бірінші ұлттық спутниктегі жағдай қайталанбас үшін, «KazSat-2» жасауға Қазғарыш құрылмай тұрып тапсырыс берілгеніне қарамай, агенттік оны басқару жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, басқару аспаптарын батыс-европалық аспаптармен алмастыру, сондай-ақ «KazSat-2»-ні жасақтаушылармен келісімге, спутник сапасына кепілдік беретіні туралы қосымша тармақ енгілізді», - делінген ақпараттық парақшада. 

Сонымен қатар аталған құжатқа спутникті ұшырып, оны пайдалануға тапсырған соң сақтандыру жағдайы орын алғанда жасақтаушының жауапкершілігі туралы толықтырулар енгізілген.

0 пікір

Үздік материалдар