Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3645 0 пікір 29 Қаңтар, 2010 сағат 06:41

Қызылорда полициясы көңіл көтеретін мекемлердің жұмыс уақытын қысқарту керек деп есептейді

Қызылорда. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Қызылорда облыстық полициясы қылмыспен бірлесе күресу аясында мейрамхана, кафе мен түнгі клубтардың әкімшілерін жұмыс уақытын 23 сағатқа дейін қысқартуға шақырды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс деңгейінің артуы «көңіл көтеретін» мекемелермен байланысты болып отырғанына алаңдаған полицейлер, «бүгінгі жасар мұражай, спортзал мен стадионның орнына түнгі клубтарды, барлар мен мейрамханаларды қалайтынды шығарды. Ал олардың ішімдік ішуінің арты мүлікті зақымдау, жанжал мен төбелеске және ауыр қылмыстарға ұласып отыр» дейді.

Қала басшылығы мен әр түрлі құрылымдар және бизнес өкілдерінің қатысуымен полиция департаментінде өткен кеңесте, полицейлердің ұсынысын талқылау барысында «тек облыс орталығында 298 мың қала тұрғынына 307 көңіл көтеретін мекеме барлығы және оның көбі тәулік бойына жұмыс істетейтіндігі» айтылды.

Ішкі істер департаментінің қоғамдық тәртіп басқармасының бастығы полковник Шархан Биқожаевтың айтуынша, тіркелетін барлық құқық бұзушылықтың 50%-ы осы көңіл көтеретін мекемелермен байланысты және олардың көбі түн ауа тіркеледі. «Былтыр тек мейрамханалар мен түнгі клубтардан  полицияны шақыртудың 664 оқиғасы тіркелді. Барлығы да – түнгі уақыттары. Әр түрлі бұзақылықтар үшін 423 әкімшілік және 36 қылмыстық іс ашылды», - деп налынды полковник.

Ш.Биқожаевтың айтуынша, сыра барлары мен мейрамханалар арасынан былтыр аса қылмыскершілігімен «Золотой дракон» ерекшеленіп, оған полиция наряды 32 рет шақырылыпты.

Проблеманың екінші жағы – түнгі клубтарға кәмелетке толмағандардың көптеп баруы. Үшіншіден – көпқабатты үйлердің тұрғындарының түнгі «тоймен» көршілігіне наразылығы.

«Біз, мұғалімдер, бұл идеяны қолдаймыз. Үлкен сынып оқушылары түнгі клубтар мен дискотекаларда қаңғырмайтын болады. Уақытын оқу мен пайдалы шаруаға жұмсайды», - деп айтқан, №3 мектеп-лицейдің мұғалімі Сәлім Әбдрасіловтың сөзіне  баспасөз қызметі хабарында сілтеме жасапты. 

Идеяны «Баймұрат» ПМК (КСК) төрағасы Әсия Ақтаева да қолдады. Ол көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан кафелерден тек проблемалар туындайтынын айтады. Ол : «Адамдар мас болып, аулада төбелес шығарып, шөлмектерін сындырып, терезелерді шағады...», - деп налынды. 

Полициядағылар, «егер осы мекемелерде күзеттің жөнді жүйесі орнатылған болса, құқық бұзушылық азайған болар еді, бірақ ол мекемелердің иелері әзірге ондай жүйелерді қабылдағысы келмей отыр» дейді.

Тақырыпты жалғастырып, ІІД ТБ бастығы полковник Бағдат Әбжапаров, «қалада 300-ден астам көңіл көтеретін мекемелерден тек 120-да ғана күзет» барлығын атап өтті.

«Облыста барлығы 136 күзет агенттігі бар: олардың 78-і – күзет фирмалары, 27-і монтаждық топтар. Күзет қызметіне лицензия алған 30 фирма бүгінге жұмыс істемейді. Жұмыс жоқ», - деді ол.

Сонымен қатар, көптеген кәсіпкерлер ІІД ұсынысына қарсы. «Менің кафем шағын ғана, ол менің жанұямды асырап отыр. Келушілердің көбі түн ауа келеді. Әрине, мұндай шешім қылмыстың төмендеуіне септігін тигізеді, бірақ күндізгі жұмыс менің жұмысымды ойсыратады. Және тек мені ғана емес...», - деп қаладағы шағын кафелердің бірінің иесі Ақмарал Бекбауова айтқаны сол екен, оны көңіл көтеретін мекемелердің барлық иелері қолдап кетті. «Күзет жалдау – арзан шаруа емс. Оны бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді», - деп шағымданды шағын бизнес өкілдері.

0 пікір

Үздік материалдар