Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3647 0 пікір 29 Қаңтар, 2010 сағат 06:40

«Дарьял-У» станциясында қирандылар астынан бір адамның өлі денесі табылды, қалған екеуін іздестіру жұмыстары жалғасуда

Қарағанды. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Бұрынғы радиолокациялық «Дарьял –У» станциясының қирандыларының астынан бір адамның өлі денесі табылды, қалған екеуін іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Қарағанды облысытық ТЖ департаменті. (ТЖД).

«Балқаш жағалауындағы радиолокациялық станцияның қирандыларының астынан 13 сағат 30 минутта опат болғандардың біреуінің денесі табылды», - деді ТЖД қызметкері.

Ол «шамамен өлгеннің кім екенін анықтадық» дегенімен, оның аты-жөнін атамады.

«Тағы екеуінің денелерін іздестіру жұмыстары жалғасуда», - дейді ТЖД өкілі.

Оқиға орнында бұрынғысынша ТЖ жою штабы, құтқарушылардың күшейтілген бөлімшесі, кинологтар мен техника жұмыс істеп жатыр. Іздестіру жұмыстарына «Қазақмыс» корпорациясының «Балқашцветмет» ӨБ, «Балқаш недра» ЖШС өкілдері мен жергілікті тұрғын өкілдері де тартылған.

Еске сала кетсек, 22-ші қаңтарда Балқаш көлінің жағасында орналасқан кеңестер одағынан қалған радиолокациялық «Дарьял – У» станциясы опырылып құлап түсті. Оқиға орнына келген Қарағанды облыстық ТЖД қызметкрелері анықтағандай, апат болған кезде ол жерде бес адам өз беттерімен метал сынықтарын жинау үшін, бұзу жұмыстарымен айналысып жатқан. Олардың біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, біреуінің денесін сол күні табылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Станцияның биіктігі 18 қабат үйдей, жердегі ені 60 метр, ал ұзындығы 100 м болатынын айта кеткен жөн. Опырылып құлаған жердің жалпы ауданы 250 шаршы метрдей.

0 пікір

Үздік материалдар