Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3433 0 пікір 26 Қаңтар, 2010 сағат 06:13

Кенже ШЫҢҒЫСБЕК. ҚАЗАҚ — СҰРАУЫ ЖОҚ ХАЛЫҚ ПА?

Биылғы жылдан бастап Еуропа аумағында темір жол компаниялары арасындағы бәсекелестікті реттеу тоқталды. Осыған байланысты Германияның мемлекеттік темір жол компаниясы өз жұмысын Польшада да жалғастыратынын жариялады. Әйткенмен, неміс темір жол компаниясының өз бизнес ауқымын кеңейтуі үлкен дау-дамаймен жалғасатын түрі бар. Польшада тұратын біршама еврейлер Германияның мемлекеттік темір жол компаниясынан өтемақы талап етуде. "Холокост” қырғынынан зардап шеккен бұл азаматтар аталмыш компанияны "Холокост” геноцидінің жүзеге асуына атсалысты деп айыптайды. Олардың саны әзірге 7 мыңға жуық. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмыс істеген "Райхсбан” темір жол компаниясы сол уақытта концлагерлерге тасылған жолаушылардан да ақша талап еткен және билет құны тым қымбат болған. Ал бүгінгі мемлекеттік темір жол компаниясы сол "Райхсбанның” мұрагері болып табылады. Осыны алға тартқан "Холокост” зардабын шегушілер "Неміс мемлекеттік темір жол компаниясы біздің елде де өз жұмысын жандандырып, пайда таппақшы. Осының есебінен олар концлагерь тұтқындары мен күштеп қара жұмысқа салынған зардап шегушілерге өтемақы төлеуге тиіс” дегенді айтады. Әйтсе де, Польша үкіметі Берлинге қатысты өтемақы төлеу туралы талап қою мәселесін ресми түрде 2004 жылы жапқан болатын. Бұл талапты немістің "Еске алу пойызы” ұйымы да қолдап отыр.

Биылғы жылдан бастап Еуропа аумағында темір жол компаниялары арасындағы бәсекелестікті реттеу тоқталды. Осыған байланысты Германияның мемлекеттік темір жол компаниясы өз жұмысын Польшада да жалғастыратынын жариялады. Әйткенмен, неміс темір жол компаниясының өз бизнес ауқымын кеңейтуі үлкен дау-дамаймен жалғасатын түрі бар. Польшада тұратын біршама еврейлер Германияның мемлекеттік темір жол компаниясынан өтемақы талап етуде. "Холокост” қырғынынан зардап шеккен бұл азаматтар аталмыш компанияны "Холокост” геноцидінің жүзеге асуына атсалысты деп айыптайды. Олардың саны әзірге 7 мыңға жуық. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жұмыс істеген "Райхсбан” темір жол компаниясы сол уақытта концлагерлерге тасылған жолаушылардан да ақша талап еткен және билет құны тым қымбат болған. Ал бүгінгі мемлекеттік темір жол компаниясы сол "Райхсбанның” мұрагері болып табылады. Осыны алға тартқан "Холокост” зардабын шегушілер "Неміс мемлекеттік темір жол компаниясы біздің елде де өз жұмысын жандандырып, пайда таппақшы. Осының есебінен олар концлагерь тұтқындары мен күштеп қара жұмысқа салынған зардап шегушілерге өтемақы төлеуге тиіс” дегенді айтады. Әйтсе де, Польша үкіметі Берлинге қатысты өтемақы төлеу туралы талап қою мәселесін ресми түрде 2004 жылы жапқан болатын. Бұл талапты немістің "Еске алу пойызы” ұйымы да қолдап отыр. «Неміс Райхсбаны нацист режимінің мемлекеттік көлік жүйесі болды, демек депортациялауды іс жүзіне асырған осы мекеме. Сол себепті, оның мұрагері бүгінгі Германия мемлекеттік темір жол компаниясы болып табылады (әрі оның қарызының де мұрагері осы)» деп санайды ұйым. Иә, Райхсбанды Холокостқа тікелей атсалысты деуге әбден негіз бар, себебі темір жол арқылы тасымалсыз еуропалық еврейлер мен сығандарды жер аудары, қырып-жою мүмкін болмас еді. Еуропа бойынша нацистік лагерлерге үш миллиондай адам тасымалданған. Әрине, Холокосттан зардап шегушілер бұл әрекетін тек өтемақы үшін жасап жатқан жоқ, аталмыш компанияның өз кінәсін мойындауы — моралдық жауапкершілікті сезінуі болады деп есептейді. Сонымен қатар, тарихи ауыр кезеңді ұрпақтар жадында қалдыру мәселесі де бар мұнда. Бұл жөнінде Германияның темір жол компаниясының өкілі былай деп мәлімдеді: «Герман темір жолы» АҚ неміс Райхсбанының құқықтық мұрагері болып табылмайды. Алайда, "Герман темір жолы” өзінің тарихи жауапкершілігін толықтай сезінді. Осы себептен, біздің ұйым «Есте сақтау, Жауапкершілік және Келешек» қорының аясында іс жүзіне асырылып жатқан түрлі жобаға қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, біздің ұйым басқа жобаларға да атсалысып келеді». Осы кезде қазақ халқының сталиндік және голощекиндік геноцидтердің құрбаны болғаны еріксіз есіңе түседі. Тарихтың шындығын айтсақ, бұл геноцидтер Холокост геноцидінен әлдеқайда асып түскен. Холокосттан үш миллиондай халық зардап шексе, сталиндік және голощекиндік геноцидтерден зардап шеккен қазақ халқының саны аталмыш цифрдан әлдеқайда асып жығылады. Бірақ, қазақ халқының сұрауы, іздеушісі жоқтай, Тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға жуықтаса да, біздің билік қолдан ұйымдастырылған аштық пен репрессияға саяси-құқықтық мәртебесін бермей отыр. Тіпті, Желтоқсан оқиғасының өзіне саяси баға бермей отыруы қарныңды аштырады. Мәселен, Украин мемлекеті кеңестік кезеңдегі осындай геноцидтерге саяси-құқықтық мәртебесін беріп қойды. Қазақ билігінің қаперсіз отыруы — тарих алдындағы күнәсі деуге де болады. Егер қолдан әдейілеп ұйымдастырылған әлгіндей геноцидтер болмағанда, қазақ халқының бүгінгі саны 40 миллионнан асып жығылар еді. Ал бүгінде әлемге шашыраған бар қазақты жиып басын қойсақ, 15 миллионды әзер құрайды. Сонда 25 миллион қазақты сұрауға қақымыз жоқ па? Ресей өзін Кеңес Одағының заңды мұрагері атағаны белгілі. Ендеше Ресей Кеңес Одағы тұсындағы барлық геноцидтердің жауапкершілігін мойнымен көтеруге тиіс. Демек, біз ашаршылыққа, репрессияға саяси баға берсек, одан зардап шегушілер де Ресей өкіметінен өтемақы талап ете алатын еді, тіпті Семей полигонынан зардап шеккендер де. Дегенмен, отарсыздану саясатын жүргізгісі келмейтін билік бұл қадамға әл-әзір барғысы жоқ. Ал отарсыздану саясаты жүрмей, нағыз тәуелсіздікке қол жеткіздік деп айту да қиын. Ресейдің қас-қабағына жалтақтау — шынайы тәуелсіздіктің бейнесі болмаса керек. http://www.alash.ucoz.org

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1600
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1220