Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2730 0 пікір 21 Қаңтар, 2010 сағат 13:02

«Казагрофинанс» ауылшаруашылық өндірушілерінің айып төлемін шығысқа жатқызу жөнінде акцияны бастады

Алматы. 21 қаңтар. КазТАГ - «Казагрофинанс» АҚ  2010 жылғы 1 наурызға дейін созылатын ауылшаруашылық өндірушілерінің айып төлемін шығысқа есептеу жөнінде акция бастады. Сейсенбі күні компания осындай ақпарат таратты.

«Казагрофинанс» компанияның қарыз бен лизинг алушыларының келісім-шарт міндеттерін бұзғаны үшін 2009 жылы салынған айыппұл мен өсімақыны алып тастау жөніде акция бастағаны туралы хабарлады. Акция жаңа жылдың басында басталды, ол 1 наурызға дейін созылады.  Айып төлемді алып тастауға байланысты іс-шара ҚР Ауылшаруашылығы министрлігімен және «ҚазАгро» холдингімен келісілген, деп айтылған қаржы компаниясының хабарламасында.

Компанияның акцияны шығаруы, климаттық жағдайдың қолайсыздығы мен дән бағасының күрт төмендеп кетуінің салдарынан  қарыз алушылардың қарыздарын төлей алмауына байланысты болып отыр.

«Соңғы кездері әлемдік экономикалық дағдарыстың ықпалынан, дән бағасының төмендеуінен, сондай-ақ республиканың кейбір аумақтарындағы ауа-райының қолайсыз жағдайларынан отандық ауылшаруашылық өндірушілері кірістің айтарлықтай қысқару проблемасына душар болып, қарыздарын өтей алмай отыр. Соның салдарынан «Қазагрофинанстың»- қарыз алушылары келісім-шарт міндеттерін уақытылы орындай алмай отыр» делінген хабарламада.

Сонымен бірге айып төлемді алып тастау жөніндегі іс-шара тек  компания клиенттерінің кейбір санаттарына ғана жүреді.

«Айып төлемді алып тастау жөніндегі іс-шара  мерзімі өтіп кеткен міндеттерді толық көлемде өтеген кезде іске қосылады және қатаң түрде клиенттердің кейбір санаттарына ғана таратылады... Одан басқа, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»ҰК» АҚ сатып алған өнімнің ақысын кешіктіруіне байланысты келісімшарт міндеттерін уақытылы орындамаған шаруашылықтың өтінімдерін қарайтын болады», деп айтылған компания хабарламасында.

«Мерзімі өткен міндеттемелерге қатысты сот шешімі күшіне енген компаниялардың клиенттеріне акция таратылмайды, Сонымен қатар айып төлемді алып тастау шешімін «Қазагрофинанстың» кредит комитеті жеке тәртіппен қабылдайды», делінген хабарламада.

«Қазагрофинанс» АҚ  1999 жылы ауылшаруашылық өндірушілерін қаржыландыру және оларға ауылшаруашылық техникасын лизингке беру үшін құрылған. Қазақстан қор биржасының (KASE) деректері бойынша компанияның активі 2009 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 99,7 млрд теңгені, ал жеке капиталы - 45,08 млрд теңгені құрады. Көрсетілген уақыт аралығындағы компанияның таза шығыны 2,87 млрд теңгені құрады. Компания «ҚазАгро» ұлттық холдингіне кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2063
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2493
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2097
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605