Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2515 0 пікір 15 Қаңтар, 2010 сағат 05:48

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде ауған проблемасына ерекше назар аудармақшы

Вена. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Данияр Темірбаев. Қазақстан 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде ауған проблемасына ерекше назар аудармақшы, деп мәлімдеді ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев. 

«Бүгіндері еуропалық қауіпсіздік ұғымы Еуразиялық ауқымды кеңістікті қамтып, континент аясынан асып кетеді. Осыған байланысты біз Ауғанстанға ерекше назар аудармақшымыз», -  деді ол бейсенбі күні Венада ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің отырысында.  

«Бұл елдегі ахуалдың дамуын, - деп атап көрсетті Қ. Саудабев, - біз ғаламдық қауіпсіздік, лаңкестікпен, діни экстремизммен және есірткі саудасымен күрес тұрғысынан қараймыз». Осыған байланысты ол : «ЕҚЫҰ және барша халықаралық қауымдастық үшін маңызды міндет - ауғандықтарға соғыс қиратқан елді бейбіт, жасампаз және тәуелсіз, демократиялық құндылықтар мен ұстанымдарға негізделген қоғамға ауысуына көмек көрсету», - деп біледі.

СІМ басшысы «қаңтардың аяғында Лондонда өтетін Ауғанстанға арналған конференция бұл бағыттағы маңызды қадам болатындығына» үміті барлығын білдірді. Оған Қ. Саудабаев ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ретінде қатыспақшы.

Ол, Ауғанстанға көмек аясында Қазақстан ауғандықтарды университеттерде бейбіт мамандықтарға оқыту бағдарламасын іске асырып жатқанын еске салды. «Бұл мақсатқа Астана 50 млн АҚШ долларын бөледі», - деді ол. «Осымен қатар, біз орта-азиялық мемлекеттердің периметрі бойынша Ауғанстан шекарасын нығайту, шекарааралық ынтымақтастықты дамыту, құқық қорғау жүйесін күшейту жобаларын іске асыру мен қосымша демеушілік қолдау көрсетпек ниеттеміз», - деп қосты Қ. Саудабаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651