Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2867 0 пікір 13 Қаңтар, 2010 сағат 06:10

ҚР Жоғарғы соты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерінің дивидент төлеуге қатысты кәсіпорынға берген шағымын кері қайтарды

Ақтөбе. 12 қаңтар. ҚазТАГ – ҚР Жоғарғы соты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционері Серікқали Әбдреимовтың артықшылықтағы акциялар бойынша төленуі тиіс дивидентті кәсіпорын заңсыз азайтты деп, акционерлік қоғамға берген шағымын кері қайтарды.

«Сөйтіп, шешім «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» пайдасына шешілді», - деп атап көрсетеді компания баспасөз қызметі.

ҚР Жоғарғы соты компания акционері С. Әбдреимовтың сот шағымына қатысты ақтық шешімді 2009 жылы 9-шы желтоқсанда қабылдады. С. Әбдреимов «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешіміне қарсы болды. 

Бұл сот дауы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлерінің арасында үлкен толқу тудырды. Олардың бір бөлігі егер С. Әбдреимов сотта жеңсе, олар да өз акциялары үшін елеулі дивиденттер аламыз деп ойлады, бірақ талас мәні дивидентті төлеу, не төлемеу туралы емес еді.

«Дауға қатысты талап АҚ басқару органдарының шешімін жойсам деген субъектвті жеке басының қалауына ғана негізделді де, ешқандай заңды негізі болмады. Бірақ, акционердің сөзсіз, басқару органдарының шешіміне қарсы тұруына құқығы бар. Бұл даудың пайда болуының себебі - оның акционер ретіндегі құқығын асыра пайдалаудан деп есептейміз», - деп атап өткен баспасөз қызметі.   

Компания есебінше, дау нәтижесінде кәсіпорын беделіне нұқсан келтірілді. Соттағы қарау 8 айға созылды. Бұл дауға елеулі қаражат кетті, компанияның бірталай қызметкерлері тартылды. «Сотқа жұмсалған ақшалай қаражатты да сол дивиденттерге төлеуге болатын еді», - дейді АҚ басшылығындағылар.

Бұрын хабарланғандай, С. Әбдреимов «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»-дың бес мың акционерлерінің бірі ретінде, артықшылықтағы акциялар бойынша төленуі тиіс дивидентті кәсіпорын 2008 жылы жүз есеге заңсыз азайтты деп акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешіміне қарсы болып, сотқа жүгінді. Төлем сомасының азаюы акциялардың атаулы 75 теңге құнының кепілді төленетін 5% мөлшерінің азаюының нәтижесінде орын алды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз»-дың акцияларының бақылау пакеті қытайлық CNPC-ге тиесілі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2138
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2312
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1651