Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3746 0 пікір 22 Желтоқсан, 2009 сағат 07:25

Бердібек САПАРБАЕВ: ... Бұл да домалақ арыздың бір түрі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде әкімдік қызметкері Медет Қасенжановтың бесінші қабаттан өзін-өзі тастап жібергені туралы, сөйтіп өз өмірін өзі қиғаны жайында abai.kz ақпараттық порталында жарияланған болатын. Міне, сол бір қайғылы оқиға турасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек  Сапарбаев сұхбат берігенді жөн көріпті. Қараңыздар:

- 5-желтоқсанда, яғни сенбі күні таңертең облыс әкімінің орынбасары Серік Әбденов пен облыстық әкімдік қызметкері Медет Қасенжановтың арасында не болды?

- Шынын айтсақ, сауал түсініксіздеу. Ал олардың арасында не болу керек еді? Бұл билік органының жоспарланған оқиғалар мен іс-шараларға толы кәдімгі жұмыс күні болатын. Менің білуімше, С. Әбденов таңертең бюджеттік комиссияның жұмыс кеңесін өткізді. Бөлімнің бас маманы болып еңбек еткен Медет Қасенжанов бұл кеңеске қатыспаған. Серік Әбденов болған оқиға туралы басқалар сияқты жұмыс орнында отырып естіген.

- Әкімдік қызметкерлері жұмыста түнгі сағат бірге дейін кідіруге қаншалықты жиі мәжбүр болады?

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде әкімдік қызметкері Медет Қасенжановтың бесінші қабаттан өзін-өзі тастап жібергені туралы, сөйтіп өз өмірін өзі қиғаны жайында abai.kz ақпараттық порталында жарияланған болатын. Міне, сол бір қайғылы оқиға турасында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек  Сапарбаев сұхбат берігенді жөн көріпті. Қараңыздар:

- 5-желтоқсанда, яғни сенбі күні таңертең облыс әкімінің орынбасары Серік Әбденов пен облыстық әкімдік қызметкері Медет Қасенжановтың арасында не болды?

- Шынын айтсақ, сауал түсініксіздеу. Ал олардың арасында не болу керек еді? Бұл билік органының жоспарланған оқиғалар мен іс-шараларға толы кәдімгі жұмыс күні болатын. Менің білуімше, С. Әбденов таңертең бюджеттік комиссияның жұмыс кеңесін өткізді. Бөлімнің бас маманы болып еңбек еткен Медет Қасенжанов бұл кеңеске қатыспаған. Серік Әбденов болған оқиға туралы басқалар сияқты жұмыс орнында отырып естіген.

- Әкімдік қызметкерлері жұмыста түнгі сағат бірге дейін кідіруге қаншалықты жиі мәжбүр болады?

- Мұндай мәжбүрлік жоқ. Ешкім де ондай талаптарды қоймайды. Әрине, аппарат қызметкерлері кей кездері, тығыз шаруаларды аяқтау қажет болғанда ғана жұмыста кідіруі мүмкін. Себебі, мемлекеттік қызметкер заңға сәйкес тапсырманы мерзімінде орындауы тиіс, айталық, ол бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша сауалдарына да дер кезінде жауап жазуы қажет. Бірақ жұмыста кідіру жағдайлары үнемі болып тұрмайды. Ал енді ешкім ешкімді мәжбүрлемейтіні бесенеден белгілі.

- Әкімдік қызметкері Қасенжанов сенбі күні бесінші қабаттан өзін тастап жібергеннен соң Сізді Павлодарға кетіп қалды дейді, рас па?

- Медет Қасенжанов 5-желтоқсанда, сенбі күні сағат күндізгі он екінің мөлшерінде құлаған екен, мен ол кезде жолға шығып кеткен болатынмын. Өйткені Павлодар облысының әкімі екеуіміз сол күні екі облыстың арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюымыз керек болған. Бұл шара - Шығыс Қазақстанның елімізде қазақстандық үлесті ұлғайту жөнінде соңғы бес-алты айдың ішінде облыстармен жасасқан он үшінші құжаты. Яғни Павлодарға сапар әлдекімдер жазып жүргендей аяқасты басталған дүние емес, жоспарлы жүргізіліп келе жатқан істің жалғасы болып табылады.

- Әкімдік қызметкері Ивановты жүрек талмасына дейін жеткізді  деген ақпараттарды таратуға тыйым салынғаны рас па? Ал Медет Қасенжановтың өз өмірін өзі қиюға не итермелеуі мүмкін?

- Ешқандай тыйым салынған жоқ. Олай болуы мүмкін де емес. Мен қай кезде, қандай мәселеде болсын, ашықтық пен жариялылық принципін ұстанамын, қоластымдағылардан да соны талап етемін.

Облыс әкімі аппаратының бұрынғы қызметкері, бас инспектор Геннадий Ивановқа қатысты айтар болсақ, оның жүрек талмасы болмаған. Тек дәрігерлердің 2009 жылғы қыркүйек айындағы анықтамасы бойынша «Инфильтративті туберкулездің асқынған түрі» деген диагнозбен стационарлық емдеуге жіберілген. Әрине, сіз бұл диагноз бен жүрек талмасының арасы жер мен көктей екенін жақсы түсінетін боларсыз. Алайда дәрігерлер қаншама әрекеттенсе де, оны ажал құрығынан құтқарып қала алмады.

Паталагонатомдар мәйітті сою барысында оң жақ өкпенің төменгі жағындағы 3/2 бөлігінің казеозды некрозын анықтады. Бұл ақпарат ресми сұрау салу бойынша алынды, қажет болса, сіз де ресми сұрау салып бұл ақпараттың ақиқаттығына көз жеткізе аласыз.

Қайтыс болған адам туралы жақсы сөз ғана айтуға болады немесе үндемеген жөн дейді. Бірақ мен сіздерге Г.Ивановтың мемлекеттік қызметтен қалай шеттетілгені жөнінде толық ақпаратты айтқанымды мақұл көріп отырмын. Ол бас инспектор бола тұра қызметтін атқарып жүрген азаматтарды өзінің саяжайына апарып, жұмыс істеткізген. Тегін жұмыс істеу кімге оңай болсын, бұған шыдамаған азаматтар әкімдікке шағымданған. Болған жағдайдың барлығын мұқият тексерген ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің тәртіптік кеңесі Г.Ивановты мемлекеттік қызметін тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Заң талабы - осы.

Қасенжановқа қатысты айтар болсақ, Ішкі істер басқармасы мен ШҚО әкімінің баспасөз қызметі алғашқы кезде-ақ болған оқиға туралы тиісті ақпарат таратқан болатын. Ал бұл оқиғаның себебі не деген мәселе жөнінде толық білгіміз келсе, тергеу амалдарының нәтижесін күтуге тура келеді.

Ақпаратты таратуға тыйым салынғаны жөніндегі әңгіме - бос сөз. Ақпараттың қайсысы жалған, қайсысы ақиқат екендігінің өзі күмән туғызады.

- Ал марқұм Рүстем Есдәулет ше? Ол ауруханада науқастанып жатқанда әкiмдiктен келген бұйрық бойынша театрға жұмысқа шақырылыпты ғой. Оған сахналық қойылым жасау тапсырылған көрінеді?

- Жоқ. Науқас адамды жатқан төсегiнен тұрғызу туралы нұсқау берiлген емес және не үшiн берiлуi керек едi? Театрда "Жол картасы" бағдарламасының аясында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргiзiлген-дi. Маусымның алғашқы тұсаукесерi де болып өткен. Мен онымен жалпы театрдың болашағы, орналасуы, базасының дамуы жөнiнде жиi әңгiмелесiп тұратынмын. Рүстем Есдәулетов облыстық драма театрының директоры, бас режиссерi әрi көркемдiк жетекшiсi болды. Бiртуар шығармашылық иесi еді.

- Сiздiң бiрiншi орынбасарыңыз Серiк Әбденов күдiк тудыратын кештер мен жемқорлық сыбайластық схемаларын ұйымдастырды деген айыптауларға қандай түсiнiктеме бересiз?

- Мұның бәрiн менiң және менiң орынбасарымның атына бағытталған орынсыз күйе жағу деп есептеймiн. Интернетте аты-жөнi көрсетiлмей не болмаса бүркеншiк есiмдермен жарияланып жатқандардың бәрi де - ел сенбесе де, көкейінде күдiк қалады-ау деген пиғылмен жасалып отырған, барып тұрған жала жабушылық, яғни "қара пиардың" классикалық формада орындалған түрі. Лас әрi арзанқол тәсіл. Жалпы, интернеттегі жаптым жала, жақтым күйе - домалақ арыздың бір түрі ғой.

Біздің өңiрде барлық салаларда тәртiптi қалыпты жағдайға келтiру үшiн бiртiндеп мақсатты және сенiмдi жұмыстар жүргiзiліп жатыр. Бұл шараның "арқасында" әлдекiмдердiң жiлiктiң майлы басынан айырылып қалуы әбден мүмкiн ғой. Облыстың өндiрiстi өңiр екенiн ескерсек, әлдекiмдердiң облыс нарығындағы көлеңкелi ықпалын жоғалтуы да мүмкiн. Қысқасын айтқанда, өңiрде мемлекеттiк билiктiң мүддесi алға шыққанда өз ықпалынан айырылып жатқандар бар. Біздің жұмыс, қандай да бiр жағдайларға қарамастан, жалғасын таба беретiн болады. Себебi, мен де мемлекет басшысының алдында ант берген мемлекеттiк қызметкермiн. Ал атқарып жатқан жұмыстарымыз өздерiне ұнамайтын адамдардың қолайлы бiр уақыт туа қалса, тағы да қаралап шығатынына күмән келтірмеймін.

Өзім қашаннан құрметтейтін журналистер қауымына, әсіресе интернет-порталдарды жүргізетін журналистерге былай дегім келеді: этика тек мемлекеттiк қызметшiлерде ғана болмауы тиіс... Оны бәрiмiз де жадымыздан шығармайық. Анық-қанығына көз жетпеген ақпаратты қолданбастан бұрын алдымен негiзсiз жала жабуды ой таразысынан өткiзiп алған дұрыс шығар. Ал мен қашанда кез-келген сауалға тура жауап беруге дайынмын.

 

Сұхбаттасқан - Нұрлан Атамбаев.

 

0 пікір