Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2771 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:39

Алаш Базарқұл. «У. Джолдасбеков...»

«Тәуелсіз елміз!» деп бөркімізді аспанға атқанымызға 18 жыл толса да әлі күнге кеңестік отаршыл қоғамды аңсайтындар арамызда өріп жүр. Қызыл үкіметтің «қымызын ішіп етін жегендердің» сол заманды әлі де көксейтіндері жасырын емес. Қарағанды, Семей қалаларында әлі күнге қасқайып тұрған Ленин ескерткіші осындай пікірге амалсыз жетелейді. Керекулік коммунистер де орнынан алынып тасталған көсемдерін қала ішіндегі саябаққа саялатып қойған. «КПСС», «ВЛКСМ» деген тақтайшалар Керекудегі Кутузов көшесіндегі үйлердің қабырғасында қағылып тұр. Бұл көше қаланың қақ ортасын кесіп өтетіндіктен келімді-кетімді қонақтардың көзіне бірден шалынады. Солтүстік өңірлерде өзге ұлт өкілдерінің көп шоғырланғанын сылтау етіп мұндай сорақылықтарға көзжұмбайлықпен қарап келеміз. Оның үстіне, жергілікті билік басындағылармен ішкі саясат басқармасындағылар құлық танытпаған соң,  айттың не айтпадың не бәрібір.

Отаршылдық дәуірдің лебін сездіріп тұратын көріністерді, қазағы қалың қаланың бірі Алматыдан да кездестіруге болады деп біреу айтса сенбес едім. Амал қанша...  

Әсіресе, еліміздегі шоқтығы биік оқу орны, қазақ жастарының арманына айналған білім ұясы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «қызыл империяны» аңсайды деп кім ойлаған? Биыл 75 жылдығын тойлап жатқан білім ордасының спорт кешеніне кіріп барсаңыз, құдды бір 20-30 жыл кейінге шегініс жасағандай боласыз. Денешынықтыру залының ішкі қабырғасы, келмеске кеткен кеңес дәуіріндегі спорт федерацияларының белгілерінен көз тұнады. КСРО-ның бес шығырығы мен қызыл жалауын «желбіретіп» қойған университет, қазіргі қазақ жастарының санасын сансыратып жатқанымен жұмысы жоқ. Ұлтқа жанашыр ұрпақ тәрбиелейді деген ұлттық университетімізде мынандай болған соң, басқасына айтар сөз қалмаса керек. Егемен ел болғалы, республикамыздағы спорт федерациялары өз төл белгілерін әлдеқашан-ақ айқындап алған. Олардың эмблемаларында тәуелсіз Қазақстан елінің рәміздері айшықталған. Десек те, қазақ спорты федерацияларының төл белгілері, Әл-Фараби атындағы ұлттық университетінен қоныс таба алмапты. Керісінше, орақ пен балғаға орын беріліпті. 
Осы сорақылықтарға жол берген университет басшылығы қайда қарап отыр екен ә? Ұлттық университеттің студенттер сарайы төбесіндегі «У.Джолдасбеков» деген атауды елдегі ақындар көгілдір экраннан қаншама тоқпақтағанымен Джолдасбековтың «Д-сын» алдырта алмады. Соған қарағанда білім ордасының басшылығынан жақсылық күту, қысыр сиырдың уызын дәметумен бірдей секілді. Әлгіндей көріністерге қарап отырып, «біз осы қай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?» деген сауал амалсыз санаңды сарсылтады екен.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1302
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1176
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 914
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1035