Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2521 0 пікір 14 Желтоқсан, 2009 сағат 07:25

Өскемен басшылығы қалалық медиа-холдинг құруды жоспарлап отыр

Өскемен. 14 желтоқсан. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының орталығында жаңа ресми газет - қалалық әкімдіктің басылымы жарыққа шықты. Алдағы уақытта әкімдік ақпараттық портал, газет, радио, телеарна және баспаханадан құралатын медиа-холдинг құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өскемен әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктегілердің айтуынша, «Өскемен» қалалық ресми газетінің алғашқы номері Тәуелсіздік күніне арналып отыр. Бастапқы таралымын (15 мың дана) тегін тарату жоспарланған. Алдағы уақытта газет жазылу арқылы таратылады. Басылым аптасына бір рет қазақ және орыс тілдерінде 24 бет көлеммен шығады.

«Бізде халық үшін қызықты және пайдалы ақпарат көп. Сонымен қатар, қалалықтармен кері байланыс та өте қажет. Осы мақсатта газет құрылып отыр, ол болашақ қалалық медиа-холдингтің негізін қалайды деп үміттенеміз», - дейді әкімдіктегілер.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының орталығында  облыстық ресми газет және таралымы он мың данадан асатын екі тәуелсіз газет жарыққа шығады.

0 пікір

Үздік материалдар