Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2904 0 пікір 11 Желтоқсан, 2009 сағат 17:42

Қазақтар футбол тарихына «түзету» енгізді

Өткен аптада келер жылдың жазында Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) өтетін футболдан ХІХ әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Жеребе нәтижесінде финалдық турнирге қатысар 32 жүйрік төрт-төрттен 8 топқа бөлінді.

«А» тобы: ОАР, Мексика, Уругвай, Франция

«В» тобы: Аргентина, Нигерия, Оңтүстік Корея, Грекия

«С» тобы: Англия, АҚШ, Алжир, Словения

«D» тобы: Германия, Австралия, Сербия, Гана

«Е» тобы: Голландия, Дания, Жапония, Камерун

«Ғ» тобы: Италия, Парагвай, Жаңа Зеландия, Словакия

«G» тобы: Бразилия, КХДР, Кот-д'Ивуар, Португалия

«Н» тобы: Испания, Швейцария, Гондурас, Чили

Бұрынғы біріншіліктермен салыстырғанда, бұл жолғы жеребеде кіл мықтыларды қамтыған «өлім тобы» да, өңкей орташалардан тұратын «өмір тобы» да болған жоқ. Тек «G» тобына әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилия мен оған ойын өрнегі жөнінен де, мәдени-тарихи тұрғыдан да, этнолингвистика жағынан да қатты ұқсайтын, сонысымен де «Еуропа Бразилиясы» атанған Португалияның және қазір Африканың таңдаулы құрамаларының бірі саналатын Кот-д'Ивуардың қатар түскенін ғана ерекше бөліп атауға болар. Яғни, бұлармен бірге өнер көрсетуге тиіс Корей Халықтық Демократиялық Республикасы (КХДР) футболшыларының жолы болды дей қою қиын-ақ...

Өткен аптада келер жылдың жазында Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) өтетін футболдан ХІХ әлем чемпионатының жеребесі тартылды.

Жеребе нәтижесінде финалдық турнирге қатысар 32 жүйрік төрт-төрттен 8 топқа бөлінді.

«А» тобы: ОАР, Мексика, Уругвай, Франция

«В» тобы: Аргентина, Нигерия, Оңтүстік Корея, Грекия

«С» тобы: Англия, АҚШ, Алжир, Словения

«D» тобы: Германия, Австралия, Сербия, Гана

«Е» тобы: Голландия, Дания, Жапония, Камерун

«Ғ» тобы: Италия, Парагвай, Жаңа Зеландия, Словакия

«G» тобы: Бразилия, КХДР, Кот-д'Ивуар, Португалия

«Н» тобы: Испания, Швейцария, Гондурас, Чили

Бұрынғы біріншіліктермен салыстырғанда, бұл жолғы жеребеде кіл мықтыларды қамтыған «өлім тобы» да, өңкей орташалардан тұратын «өмір тобы» да болған жоқ. Тек «G» тобына әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилия мен оған ойын өрнегі жөнінен де, мәдени-тарихи тұрғыдан да, этнолингвистика жағынан да қатты ұқсайтын, сонысымен де «Еуропа Бразилиясы» атанған Португалияның және қазір Африканың таңдаулы құрамаларының бірі саналатын Кот-д'Ивуардың қатар түскенін ғана ерекше бөліп атауға болар. Яғни, бұлармен бірге өнер көрсетуге тиіс Корей Халықтық Демократиялық Республикасы (КХДР) футболшыларының жолы болды дей қою қиын-ақ...

Басқа топтардың бәрін мамандар күш-қуаты, әлеует-деңгейі жағынан шамалас деп бағалауда. Демек, чемпионат ойындары жанкүйерлер үшін мейлінше тартысты, қызықты болады деп сене аламыз. Ал ойындардың Астана уақытымен 17.30, 20.00 және 00.30-да басталуы біздің футбол әуесқойларына біршама ыңғайлы деуге болады (қайбір жылғыдай ойындардың түнгі 3-те басталуын сарылып күтіп отырған жақсы ма, әлде түнгі 2-ге дейін тамашалап біткен дұрыс па?). Тек топтық кезеңдегі кей кездесулердің 17.30-да басталуы жұмыс істейтін жандарға сәл қиындық туғызуы ықтимал, алайда, жанкүйерліктің жазылмас дерті қанына сіңген ағайынның әйтеуір оған да бір амал табары анық (ол ойындарды қызметтегі теледидардан қарауға, немесе, басшылардан ертерек сұранып кетуге, тіпті құрығанда сол күндері «ауырып қалуға» болатын шығар)...

Ал футбол чемпионаттарының тарихы мен есеп-қисабына есі кеткен жандар үшін «қызық» кешегі жұмада-ақ басталып кетті. Жеребе рәсімін Қазақстанға тікелей эфир арқылы таратқан «Хабар» телеарнасының комментаторлары - Сергей Райлян мен Амангелді Сейітхан көрермен қауымды таң қалдырудан жарысқа түскендей болды. Әуелі ФИФА президенті Зепп Блаттер жеребе өткен сарайдың сахнасына әлем кубогын көтеріп шыққанда, А.Сейітхан «О, Алтын Нике!» деп қалды. Шын мәнінде 1930 жылдан бастап қырық жыл бойы әлем футболшыларының арманы болған, қос қолын көк аспанға созып тұрған ежелгi грек құдай-анасы Никенiң бейнесi бар, тұтас алтыннан құйылған 1800 граммдық статуя (тағы бір аты - «Жюль Римэ кубогы») 1970 жылы оны үшiншi рет жеңiп алған Бразилияның мәңгi иелiгiне өткен болатын. Сондықтан да 1974 жылдан бастап дүние командалары сарапқа салатын жаңа кубок жасатып (салмағы 5 келіге жуық), оны ресми түрде «ФИФА Әлем кубогы» деп атаған-ды (келер жылғы жеңімпазға ұсынылатын жүлде де сол болмақ).

Яғни, Блаттердің сахнаға алып шыққаны тіпті де «Алтын Нике» емес, осы «ФИФА Әлем кубогы» еді. Шатасқан әріптесін сәл түзетіп жібермек болған С.Райлянның алғашқы сөзі дұрыс шықты: ол ФИФА президентінің қолындағы кубокты дәл атады. Дегенмен Амангелдінің аузынан шыққан «Алтын Никені» «ақтап алу» үшін айтылған оның келесі уәжі өрескел қателікке ұрындырды. Орысша түсіндірме жасаған шолушымыз «Әлем кубогының жасалу себебі - 1970 жылы бразилиялықтар «Алтын Никені» ұрлатып алған болатын» деп жіберді!

Алайда, ақиқат мынау-тұғын: Рио-де-Жанейродағы Бразилия футбол федерациясының ғимаратында сақталған «Алтын Нике», С.Райлян айтқандай, 1970 жылы емес, 1983 жылғы желтоқсан айының 19-ынан 20-сына қараған түнi ұшты-күйлi жоғалды. Оқиғаның ұзын-ырғасы былай: түннiң бiр уағында ғимаратқа жүзiн бетсiрiмен (маска) жасырған екi қарулы баукеспе кiредi де, күзетшi Жоао Батишта Майяның аяқ-қолын байлап, аузына шүберек тығып, қалтасындағы бiр бума кiлттi алып, бiрден 9-қабатқа беттейдi. Онда Бразилия ұлттық құрамасы жеңiп алған кубоктар мен жүлделер сақталатын. Кейiн полиция қызметкерлерiнiң анықтағанындай, ұрылар «Алтын Нике» тұрған оқ өтпейтiн болат шкафты ашу үшiн үш сағаттай әуреленiптi. «Ендi қайтып бұл жерге жолымыз түсе ме, түспей ме, ақыры келiп қалған соң, бәрiн әкетейiк» десе керек, қылмыскерлер Бразилия құрамасының 1963 жылы ұтып алған Америка елдерi кубогын, 1972 жылы иеленген Тәуелсiздiк кубогын да жымқырып кетiптi. Өкiнiшке қарай, оқиға орнында ұрылардың бiрде-бiр саусақ таңбасы қалмапты. Сөйтіп, саф алтыннан құйылған кубок сол күйi табылмады. Қазiр Бразилия футбол федерациясының ғимаратында оның алдын ала жасалып қойылған көшiрмесi ғана тұр...

Бірді бірге соғып, өздері де шатасып, жұрттың да шарадай басын шақшадай қылған шолушыларымыздың футбол тарихына «өзгеріс енгізуі» бір бұл емес. Олардың «1938 жылы Австрия әлем чемпионатына қатысудан бас тартты» деуі де - қате. Шын мәнінде Латвияны ұтып, финалдық турнирге барғалы отырған Австрияны фашистiк Германия жаулап алып (аннексиялап), оның мықты футболшыларын өз құрамына қосып алған болатын. Яғни, ФИФА аяқ астынан отарға айналған елден «чемпионатқа қатысасың ба?» деп сұрауға да бата алмай қалған-ды. Мұндай жағдайда қайдағы «бас тарту»?

Сондай-ақ қазақ спорт журналистерінің орыс тіліндегі «корзина» деген сөзді үнемі «себет» деп аударуы да шаршатып бітті. Бұл - орманнан терген саңырауқұлақты салатын себет (корзина) емес, құрамалардың аты жазылған қағаздарды жасырған шарларды орналастыратын ҚОРЖЫН ғой! Әр топқа күш-қуаты тең командалар барынша біркелкі түссін деген мақсатпен әлемдік футбол басшылығы оларды әуелі осындай қоржындарға бөлетіні белгілі. Тілімізде осындай қазақы ұғымға сай балама сөз тұрғанда, бізге «себеттің» қажеті не?.. Әрине, қажет тұсында ол да қолданыла берер, бірақ дәл мына жерде, дәл осы тақырыпта «қоржын» деген сөз сұранып тұр емес пе? Оның үстіне, орыс тіліндегі «корзинаның» түбі түркі тілдеріндегі «қоржыннан» шыққаны Олжас Сүлейменов бастаған зерттеушілердің еңбектерінде талай рет дәйекті түрде дәлелденді ғой.

...Сонымен, дүниежүзілік доп додасы 2010 жылдың 11 маусымында Йоханнесбург қаласында ОАР және Мексика құрамаларының кездесуімен ашылады, тура 1 айдан соң, яғни, 11 шілдеде тап осы шаһардағы финалдық матчпен аяқталады. Чемпионат ойындары ОАР-дың Йоханнесбургтен басқа тағы сегіз қаласында - Блумфонтейн, Дурбан, Кейптаун, Нелспрейт, Полокване, Порт-Элизабет, Претория және Рустенбургте өтеді.

*    *    *

Қазақстан: бір адым алға, екі адым артқа

Ұлттық футбол құрамамыздың 2010 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде көрсеткен нәтижесін осылай бағалауға болады.

Қазақ комментаторларымен салыстырғанда, еліміздің футбол құрамасы елеулі жетістіктерге қол жеткізе алған жоқ. Өз тобында ол тек, бейнелеп айтқанда, доптың домалақ екенін бізден кейін білген Андорраны ғана ұта алып (екі рет), басқа қарсыластарының бәрінен қым-қиғаш ұтылумен болды. Елеп-ескерер ерекше ештеңесі болмаса да, Қазақстан құрамасының осы циклдағы ойындарын жанкүйер жадына қайта саламыз:

6-топ

20.08.2008. Қазақстан - Андорра - 3:0 (гол соққандар: Остапенко, 14, 30, Узденов, 45).

06.09.2008. Хорватия - Қазақстан - 3:0 (Н.Ковач, 13, Модрич, 36, Петрич, 79).

10.09.2008. Қазақстан - Украина - 1:3 (Остапенко, 70 - Назаренко, 45, 82, Шевченко, 53).

11.10.2008. Англия - Қазақстан - 5:1 (Фердинанд, 52, Кучма, 65, өз қақпасына, Руни, 77, 86, Дефо, 90 - Көкеев, 68).

01.04.2009. Қазақстан - Беларусь - 1:5 (Абдулин, 9 - Глеб, 48, Калачев, 54, 63, Стасевич, 56, Родионов, 88).

06.06.2009. Қазақстан - Англия - 0:4 (Бэрри, 40, Хески, 45, Руни, 73, Лэмпард, 78, пенальтиден).

10.06.2009. Украина - Қазақстан - 2:1 (Назаренко, 33, 47 - Нөсербаев, 19)

09.09.2009. Андорра - Қазақстан - 1:3 (Сонехе, 69 - Хижниченко, 13, 34, Балтиев, 28, пенальтиден).

10.10.2009. Беларусь - Қазақстан - 4:0 (Бордачев, 23, Калачев, 69, 90, Ковель, 86).

14.10.2009. Қазақстан - Хорватия - 1:2 (Хижниченко, 26 - Вукоевич, 10, Кранчар, 90).

Құрама               Ой    Ұт     Т       Ж      Д/а             Ұп

1. Англия            10     9       0       1       34:6            27

2. Украина          10     6       3       1       21:6            21

3. Хорватия        10     6       2       2       19:13          20

4. Беларусь                  10     4       1       5       19:14          13

5. Қазақстан        10     2       0       8       11:29          6

6. Андорра                   10     0       0       10     3:39            0

Ескертулер: Ой - ойын саны, Ұт - ұтыс, Т - тең нәтиже, Ж - жеңіліс, Д/а - доп айырмасы, Ұп - ұпай.

*    *    *

Бұл - Қазақстан құрамасының Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) құрамына ауысқан жылдар ішінде өткізген үшінші іріктеу циклы. Бұл үш циклда командамыздың қандай деңгейде өнер көрсеткені төмендегі кестеде ұсынылған: 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде 7 команда ішінде 7-орын алса, 2008-де 8 құрама ішінде 6-орын алған. Биылғысы - 6 команда ішіндегі 5-орын. Яғни, отандастарымыз бір адым алға жүрсе, екі адым артқа жылжып отыр. Демек, ілгерілеу де жоқ деген сөз.

Қазақстан құрамасы УЕФА аясында:

Цикл                   Ой    Ұт     Т       Ж      Д/а             Ұп    Ор (К) %

ӘЧ-2006 12     0       1       11     6:29            1       7 (7)           2,25

ЕЧ-2008 14     2       4       8       11:21         10     6 (8)           23,4

ӘЧ-2010 10     2       0       8       11:29          6       5 (6)           18,3

Ескертулер: ӘЧ - әлем чемпионаты, ЕЧ - Еуропа чемпионаты, Ор (К) - топтың қорытынды кестесінде алған орны (топтағы командалардың жалпы саны), % - мүмкін ұпайдың қанша пайызын ала алды?

*   *   *

ӘЧ-2010-ның іріктеу сынында УЕФА-ға мүше бұрынғы Одақ елдері қандай нәтиже көрсетті?

Құрама               Ой    Ұп    Т       Ж      Д/а             Ұп

1. Ресей               10     7       1       2       19:6            22

2. Украина          10     6       3       1       21:6            21

3. Латвия             10     5       2       3       18:5            17

4. Беларусь                  10     4       1       5       19:14          13

5. Литва              10     4       0       6       10:11          12

6. Эстония           10     2       2       6       9:24            8

7. Қазақстан      10     2       0       8       11:29                   6

8. Әзербайжан    10     1       2       7       4:14            5

9. Армения                   10     1       1       8       6:23            4

10. Грузия          10     0       3       7       7:19            3

11. Молдова       10     0       3       7       6:18            3

 

Сәкен Сыбанбай, арнайы abai.kz үшін

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2103
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624