Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2307 0 пікір 11 Желтоқсан, 2009 сағат 04:53

Темiрбанк басшысы директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды

Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Темiрбанк басшысы директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Банк баспасөз қызметі бейсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«2009 жылы 2-ші желтоқсанда «Темірбанк» АҚ кредиторларының кезектен тыс жиналысы өтіп, онда директорлар кеңесінің жаңа мүшесі етіп, қазір банк басқармасының төрағасы қызметін атқаратын Ержан Шайкенов сайланды», - делінген бан таратқан хабарда. 

ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) мәліметтеріне сәйкес, «Темiрбанк» активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы банктердің арасында оныншы орында. 2009 жылдың қаңтар-қазанында оның активтері 204,7 млрд теңгені,  жеке капиталының дефициті 61,17 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңдегі жабылмаған шығыны 110,8 млрд теңге болды. Банктің негізгі акционері – «Темірбанк» қарапайым акцияларының 70% жуық иелік ететін БТА банк. 2009 жылдың 23 қарашасында банк өзінің міндеттемелері бойынша дефолтқа жол беріп, өз міндеттемелерін қайта құрылымдауды жоспарлап отырғанын жариялады. ҚҚА-мен келісімге сәйкес, банк 2009 жылдың соңына дейін қайта құрылымдау шарасын аяқтауға тиіс.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2113
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2525
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2224
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1629