Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2870 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:20

Саусағын безеген Саудабаевты Оразалин орнына қойды

9-желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры Қамқоршылық кеңесінің ІІ мәжілісі өтті. Алқалы  жиынның әңгімесі аталған қордың атқарған жұмыстары мен қазақ тіліне қатысты мәселелерді айтудан басталған. Бірақ кезегі келіп сөз тиген жазушы Смағұл Елубай сәтін тауып, «Ел бірлігі» доктринасының зиялы қауымды толғандырып жүрген тұстарын ортаға тастап кеп жіберді.

Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мемлекеттік хатшы һәм Сыртқы істер министрі сынды қос мансабы бар Қанат Саудабаев мырза екенін айта кетейік. Жиынға Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевті ертіп Қанат Бекмырзаұлы да келді.

9-желтоқсан күні Астанада Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры Қамқоршылық кеңесінің ІІ мәжілісі өтті. Алқалы  жиынның әңгімесі аталған қордың атқарған жұмыстары мен қазақ тіліне қатысты мәселелерді айтудан басталған. Бірақ кезегі келіп сөз тиген жазушы Смағұл Елубай сәтін тауып, «Ел бірлігі» доктринасының зиялы қауымды толғандырып жүрген тұстарын ортаға тастап кеп жіберді.

Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мемлекеттік хатшы һәм Сыртқы істер министрі сынды қос мансабы бар Қанат Саудабаев мырза екенін айта кетейік. Жиынға Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевті ертіп Қанат Бекмырзаұлы да келді.

«Доктринаның ішінде қазақ тіліне, жалпы тіл саясатына қатысты теңгермелілік ұстаным деген термин пайда болыпты. Бұны естіген кезде біздің төбе шашымыз тік тұрды. Өйткені, қазақ тілі елдегі 130 ұлтпен теңгерілетін болса, онда тіліміздің мемлекеттік мәртебесі қайда қалады? Бұл менің ғана емес, жалпы жұрттың ызасын тудырған жайт болды. Негізі, доктринанның шала тұстары өте көп. Және Қазақстанда Қазақстан деген мемлекеттің иесі жоқ сияқты. Мемлекет құраушы ұлт деген термин тіптен жоқ. Осыған көңіл бөлу керек». Бұл Смағұл Елубайдың доктрина туралы айтқаны. Ал, «мемлекеттік тілді әрбір азамат білуі керек» деген Мемлекеттік хатшының жалаң сөзін Сымекең сыпайы ғана былайша сынады:

-         Қанат Бекмырзаұлы, осыдан 3-4 жыл бұрын осы сөзге байланысты бір кәріс қыз: «Оу, ағайындар,  мемлекеттік тілді білу керек дей бергенше, Конституцияға бір ғана пунктті енгізу керек қой «Қазақстан азаматы қазақ тілін білуге міндетті» деген бір-ақ пункт», - деп еді. Меніңше бұл ойланатын және  жасалуға тиісті нәрсе.

 

Доктрина әңгімесі басталғанда-ақ мем. хатшы елең еткен-ді. Әйткенмен, Смағұл Елубай сөзін қысқа қайырды.  Смағұл Елубайдан кейін сөз алған Жазушылар Одағының төрағасы Нұрлан Оразалин: «... қазақ тілінің тағдырын біз осылай тартысқа салып қояр болсақ, қазақ мемлекетінің басына қара бұлтты өзіміз үйіп беретін боламыз», - деп ашығына кетті. Оразалин тіл тағдырына  қатысты осылай дей келе, доктринаға көңіл толмай алаңға шығудың, аштық жариялаудың қажеті шамалы деген бейтарап пайымын айтты. Бірақ, Шаханов бастаған топқа басқа әлемнен келгендер сияқты қарамай, бір пікірге, бір мәмілеге келіп, олардың көзқарастарын тыңдау керек деген ара ағайындық тілегін білдірді. Сөз осы тұсқа келгенде мем. хатшы микрофонды шиқылдатып, тоқтатпақ болды. Алдында регламентті сақтауды айтқаны бар-тын. Әйтсе де, Нұрекең енді үш тұғырлы тіл деген мәселеге ойысып: «Тұғыр біреу-ақ болады. Ол мемлекеттіліктің тұғыры, елдіктің тұғыры. Құдай үшін осы үш тұғыр деген сөзден құтылайық, қазақтың жүйкесін жеп бітті», - деп тағы да ойын ашыққа салды.  Жүйке демекші, сол кезде мем.хатшының алдындағы микрофон ұзақ шиқылдап, отырғандардың да жүйкесіне тие бастады. «Артық боп кетті ме, Қанеке?» деген сөз иесіне «Артық боп кетті» деп Кеңес төрағасы іле жауап қайырды. Әйтсе де, Нұрлан Оразалин тіл жайындағы бейбіт әңгімелерден  бұрыла бере тағы да доктринаға ауысты. «Ертең аштық жариялап, айдай әлемге өзімізді ыңғайсыз жағдайға қалдырғанша, олармен диалогқа келуіміз керек». Осы кезде Қанат Саудабаевтың шыдамы таусылды білем: «Сізге кім рұқсат бермей жатыр, соны айтыңызшы?», - деп Оразалинге шұқшия қарады. Оразалин болса, «біз айтып жатырмыз» деп жауап бере бастап еді, тіл жайын айтып, патриот болып отырған Саудабаев бәрін ұмытып «Остановите!!!» деп айқай салғаны. «Сіз көп жылдардан бері Жазушылар одағының төрағасысыз, сіздің газеттеріңіз қайда? Үніңіз неге шықпайды? Неге әріптестеріңізбен сөйлеспейсіз?», - деп мем.хатшы Оразалинға ашық төнуге кірісті. «Мен Шахановпен күнде сөйлесіп жүрмін, мен одан, ол менен жалыққанбыз», - деген Оразалиннің уәжін мем.хатшы тыңдағысы да келмеді. «Микрофонды өшір, давай!» деп, саусағын шошаңдатып, бұйыра сөйледі. Бірақ Оразалин де оған қыңған жоқ. «Мен сізге «давай» керек болса айтайын, «давай» деген сөзді тоқтатыңыз. Бір кездері осы сөздерден әбден шаршағанбыз, мен халыққа жаным ашығандықтан, сізге жаным ашығандықтан, биліктегі жігіттердің абыройын ойлағандықтан айтып отырмын осының бәрін»,-деп сөзін шорт кесті. Саудабаев саусағын безеген күйі безеріп үнсіз қалды...

Сонымен не керек, отырыс ары қарай да ұзаққа созылды. Доктрина жайлы сөз алған Асылы Осман ханым Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасы Ералы Тоқжановты сынады. Халық арасындағы зиялы, тіл мен ұлттың жанашыры ғалымдармен неге ақылдаспайды деген ойлар айтылды. Соңынан сөз тиген Мәулен Әшімбаев доктринаның әлі де талқыланатынын хабарлады. Негізі аталған құжат ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету үшін арнайы жасалыпты. «Еліңнің саясаты қандай?» деп сұрғанда Батыстағыларға көрсетуіміз керек екен. Бірақ, оның сиқы мынау. Әшімбаев Алматыға осы мәселе бойынша Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің бастығы Дархан Мыңбай, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдумандардың Алматыда кездесулер өткізгенін айтты. Тіпті, Тоқжанов мырза бір аптадан бері Алматыда Шахановпен кездесе алмай мысы құрып жүрген көрінеді. «Егер Дархан бауырларыңыз бен С.Сейдуманның деңгейлері төмен болса, әлі де кездесуге, әңгімелесуге болады»,-деді М.Әшімбаев. Кеңес мәжілісіне Ә.Кекілбай, Қ.Сұлтанов, О.Әбдікәрімов, М.Жолдасбеков, Т.Әбдік, Ә.Асқаров, Берік Әбдіғалиев т.б зиялы қауым өкілдері қатысты.

Отырыстан түйгеніміз, билік жағы доктринаға кір жуытқысы жоқ. Бірақ, кеткен қателікті мойындайтын секілді. Оны Әшімбаевтың жуып-шаймақ болып, «құжат әлі де талқыланады» деген емеурінінен байқауға болады. Ал, үлкен кездесулер мен доктрина туралы екі тараптың нақты әңгімесін алдан күткен жөн секілді...

Жебе НОЯН, «Абай-ақпарат»

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637