Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3018 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:11

Қазақ қайда барасың?

Жаңатастағы бір мектепке қыркүйекте баламды бердім. Жоғары сыныпта оқитын. Қазақы қала болғанына керім қуанғанмын. Бұрын тәуір оқитын балам тез төмендеп кетті. Үйден шықпайды. Өтпелі кезең ғой деп қойғанмын.

Бірде баламның маңдайы жарақаттанып келді. Сұрасам айтпайды. Екі күннен кейін балам,

- Папа, біз қай жүзбіз осы, - дегені.

- Кіші жүзбіз. Әлімұлы.

- Тама - деген кім?

- Ол да кіші жүз. Жеті ру - деймін.

- Сыныптағы балалар Тама болсаң көш. Бұл жер Үйсіндікі. Ана Жаңатастың ар жағындағы Үйсіннің белгісі көрдің бе? - дейді.

Сынып жетекшісіне бардым. Бейхабар. «Бұлар айтпайды. Қазір Жаңатаста ру-ру болып төбелесетінді шығарды. Бұрын шағын аудан болып төбелесуші ме еді. Өздері етінен ет кесіп алса да айтпайды. Пыс-пыс сөзден естиміз. Іргедегі бір таудың басына елсізге үйсін атаға бір белгі салып жатқан көрінеді.  Үлкендер жиылып жиын өткізіп, бұл жер біздің атанікі, белгі бітсе ас жасаймыз депті. Содан еліктеп балалардың істеп жүргені болар. Қояды ғой», - деді жайбарақат. «Директор білмей-ақ қойсын. Өзім сөйлесем», - деді сынып жетекшісі.

Милицияға барайын десем балам безілдейді. Осы жайды көршіме сырғып айтсам, «Бұл әңгіме жаздан басталды. Әр төбеге бір-бір белгі орната берсе қазақтың даласының бәрі қарақшы болып кетеді. Біз біреу не істесе қалыспай соны істейтін халықпыз. Балаларға не кінә? Оларды үлкендер улап отыр. Менің де оқитын қызым бар. Аңдып отырамын. Жаңатаста қазір ұлдар емес қыздар төбелесі өршіп тұр. Оны бүкіл ел біледі. Өткенде Елбасына бір ана дұрыс сұрақ қойды. Бірақ, министр де, сол кездегі облыс әкімі ЖЕКСЕМБИН де жуып-шайып жіберді. Жылы кабинетте отырып, олар не білсін. Оларға жалған ақпарат берді ғой жандайшаптар. Бір апта бұрын ғана ӘУЕЗОВ мектебінің он бірінші сынып оқушысы сыныптасына пышақ салды. Жаңатаста кеш бата жүру мүмкін емес. Милицияның өзі бой көрсетпейді. Шамасы қорқып тығылып жатады-ау», - деді көршім.

Сөйтіп жүргенде «Нұр Отанның» «Дала мен қала» газетінде Болат ЖАППАРОВтың мақаласы шықты. Онда «бұл жер Ұлы жүз Тіліктің жері, Кіші жүз Шеркеш, Тама, Жағалбайлының жері - Жайық, Жем бойында. Сондықтан аудан атын Тіліктің ұрпағынан қою керек» дегенді меңзеген. Бұл аталған ру, жүз бөліскен мақала үлкендер арасында толқу тудырды.

Құрметті редакция! Мен бұл өңірге жүз, ру-бұру деп емес қазағым деп көшіп келген едім. Мынау не сұмдық! Руға белгі тұрғызуды доғарған жөн. Жер қазақтың жері. Әр ата ру жарыстырып қарақшы қоя берсек, төбе жетпес. Жолдың бойында бос жер қалмас. Жер бөліп беріп елді керістіріп қойған аудан әкімі қайда қарап отыр? «Жол бойында белгі болмасын» деген баяғы заң-закон қайда қалды?! Біздің - қазақтың көргеннен бәсекелесіп қалмайтын әдетіміз бар. Мұның арты ушығады, қара да тұр.

Ж. ЕҢКЕБАЕВ,

Өзбекстаннан келген оралман,

Жамбыл облысы,

Жаңатас қаласы,

Сарысу ауданы

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №46-47 (286-287), 10-желтоқсан, 2009

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637