Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2507 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:02

Ғалым ҚАЙЫРЖАН. Кумирмен қоштасу

Жоғарыдағы суретті алғаш көргенде ойыма әлгі, су ішкен құдығына түкірген қашқын күйеу Рахат ӘЛИЕВтің «Крестный тесть» атты кітабында «Президенттің айналасындағылар алдына еңбектеп барып, аяғын сүйеді» деген сыңайда жазған былдыбадамы түсті. Алғаш оқығанда оның осынау жазғандарына онша мән бермей, жылы жауып қоя салғанмын. Мына суретті көргеннен соң «қайта оқимын ба, қайтемін» деген ойға қалдым.

Бала күнімде кітапты көп оқыдым. Бірақ, жаттаған жоқпын. Тек ұлы ойшылдар АБАЙ мен ШӘКӘРІМнен болмаса, әлдекімге ұқсап, оқығандарымнан үзінді де келтірмеймін. Алайда, менің балалық санамда жатталып қалған бірлі-жарым кітаптың екеуі кеше ғана 70 жасқа толған тойын барша Қазақ елі болып атап өткен Әбіш КЕКІЛБАЕВтікі болатын. Мәселен, Аралдың проблемасына байланысты жазған мақаламда мен Әбіш ағамның «Құдықшы» атты классикалық еңбегіне сілтеме жасап, Үстіртте жасырын бомба сынаған Кеңес Үкіметінің Кекілбаев жазған Каспий мен Арал теңіздерінің ортасындағы жерасты өзенінің арнасын бұзып, Аралды тұншықтырғанын дәлелдеуге тырысқан едім.

Ал, ол кісінің «Бәйгеторы» атты еңбегі менің енді ер жетіп, мұртым тебіндеп келе жатқандағы жастанып оқыған кітабым. Кластас қыздарға көзімнің астымен қарай бастаған шағымда Бәйгеторының қасына әкеліп, әдейі қосып кеткен байталға қалай қырындай қарап, қалай барып жанасқанын, қалай шапқанын, сонда қандай сезім кешкенін оқып жатып, қалғып кеткенде көрген түсімді - түсімде алғаш рет ару құшып, балалық санаға белгісіз соншалықты бір рахат сезімге кенеліп, еркектіктің не екенін ұққанымды қалай ұмытармын. Отар соңында жүрген жаман жабының түз тағысын қуғанда борсаңдап жүгіре алмай, бүйірін қойшының тағасы тесіп, тұщы етіне ащы қамшы тиіп, сауыры удай ашығанда бейкүнә балалық шағын - уызға тойып, шапқылап жүрген құлын кезін есіне алып, ойхой келіп көсілгенін келістіріп тұрып суреттеп, жабыдан да жүйрік шығарын, тек бағалай біліп, бағын ашар сәт туса болғанын суреттеген жазушыны содан бері пір тұтушы едім. Асқар тау ретінде санайтынмын. Нешеме мәрте сәті келіп тұрса да алдына барып, қолын алмадым. Себебі, саясат жүген салғандықтанда ертеректе, елін Ресейдің жаулап алғанына 250 жыл толғанына арнап роман жазып, беріректе, Астананы ұлықтауға мақала арнаған ағамның пенделігін көрмейінші деген едім. Сол бір балалық санамда қалыптасқан Ұлы жазушы күйінде қалсыншы деген едім. Жазмыштан озмыш жоқ екен. Мен пір тұтқан адам, пендешілік танытты. Жоғарыдағы суретті көрген сәттен бастап менің Асқар тауым құлады! Кумирім келмеске кетті. Тек сағымға айналып, атқан таң, батқан күнмен бірге риясыз алыстап бара жатқан балалық шағымның санамда жатталып қалған естелігімен қоштасқым келмей, қиналып отырмын...

«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №46-47 (286-287), 10-желтоқсан, 2009

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636