Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2252 0 пікір 9 Желтоқсан, 2009 сағат 07:02

Мәскеуде Еуропа және Азия бұқаралық ақпарат құралдарының форумы ашылады

Мәскеу. 9 желтоқсан. ҚазТАГ– Ресей астанасында сәрсенбі күні ашылатын форумға қатысушылар бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігіндегі  бұқаралық ақпарат құралдарының өзекті проблемаларын талқылайды.

Форумды ұйымдастырушы – «РИА Новости» ақпараттық агенттігі – бұрынғы одақтас республикалардың барлығынан белді БАҚ жетекшілерін шақырды.

Күн тәртібіне талқылауға қойылған тақырыптардың арасында  «БАҚ-ты дамыту: кәсіби көзқарас және үрдістер», «Ақпаратты өндіру мен таратудың жаңа технологиялары», «БАҚ пен мәдениаралық ынтымақтастық» деп аталады.

Сәрсенбі күні түске дейін форумға қатысушылардың алдында Ресей президенті Дмитрий Медведев сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, журналистердің халықаралық федерациясының президенті Джим Бумеллла, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров, Италияның танымал репортеры Джульетто Кьеза, ТМД журналистік одақтарының халықаралық конфедерациясының бас хатшысы Ашот Джазоян, Ресей президентінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой сөз сөйлейді. 

Форум жұмысына Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев, «Мир» ХТРК-ның қазақстандық филиалының директоры Асқар Әлімжанов, «Нұр Медиа» холдингінің жетекшісі Арманжан Байтасов, «Новости-Қазақстан» ақпарт агенттігінің директоры Ольга Коваленко, «Қазақ газеттері» АҚ бас директоры Жұмабек Кенжалин, «Коре ильбо» газетінің бас редакторы Костантин Ким қатысып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2118
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632