Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2843 0 пікір 5 Желтоқсан, 2009 сағат 08:27

Теміртаулық «Сфера» телерадиоарнасының бас редакторын жазамен қорқытып жатыр – «Әділ сөз»

Қарағанды .. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында хабар тарататын телерадиокомпанияның (ТРК) бас редакторы Елена Кулакованы белгісіз біреулер жазалаймыз деп қорқытқан, деп хабарлады сөз бостандығын қорғау халықаралық «Әділ сөз» қоры.

«Дау жанжалдың себебі эфирдегі «жүгірме жолда» шыққан ақпарат болды. Онда «жеке кәсіпкер Мысықбекова бірнеше жылдан бері салық төлеуден жалтарып жүр, және ол қалалық қаржы полициясының тергеу бөліміне келуі керек», деп айтылған болатын. Бұл ақпараттың таратылуына қаржы полициясы мұрындық болған. Олар «Сфера» ТРК-сіне АҚПБ ТБ аға тергеушісі Ж. Ағубаеваның қолы қойылған ресми хат жолдаған», - делінген «Әділ сөз» сайтында таратылған хабарда.  

«Әділ сөз» эфирде хабар таратылысымен екінші күні телеарна редакциясына қасында екі ер азаматты ертіп кәсіпкер Мысықбаева келгенін хабарлайды. «Ол  «жүгірме жолда» шыққан ақпарат жала жабу болып талады деп айтқан. Кәсіпкер ол ақпараттың теріске шығарылуын талап етіп, «жүгірме жолдың» бейнетаспасын талап еткен. Бірақ оны бас редактор Елена Кулакова қанағаттандырмаған», - делінген хабарда.

Таратылған хабарда «Мысықбекова айқайлап, «бәрін жазалайтынын» айтып, қаржы полициясының ресми хатын беруді талап етіп, егер бермейтін болса, «редактор осында жұмыс істемейтінін» айтып қорқытқан. Талап етілген нәрсені ала алмаған үштік кетіп бара жатып, ер азаматтар бас редакторға: «Біз ендеше сенімен басқаша сөйлесеміз. Және мұны бастығыңа жеткіз», - деп айтып кеткен.

Хабарда телерадио компания басшылары болған оқиға бойынша құқық қорғау органдарына шағымданғаны немесе бұл оқиғаға қаржы полициясы қалай қарағаны туралы айтылмайды.

0 пікір