Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2545 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 11:32

Кеден одағын құру тағам өнімдерінің бағасына әсер етпейді – индустрия министрлігі

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Кеден одағын құру тағам өнімдерінің бағасына әсер етпейді , деп сендірді индустрия және сауда министрлігінің сыртқы сауда департаментінің директоры Жәнел Күшікова.

«Тұтынушы себеттегі тауарлармен, тағам өнімдерімен не болады?» деген сұрақтар қойып жатыр, олардың бағасы қымбаттайды дейді.  Импорттың 80% -90% ТМД елдерінен әкелінетінін айтайын, олармен сауда салықсыз жүзеге асырылады. Яғни импорт салықсыз сауда аймағынан келіп жатыр. КО құру азық-түлік өнімдерінің бағасына ешқандай әсерін тигізбейді деген қорытынды жасауға болады», - деді Ж. Күшікова жұма күні «Кеден одағын құру процесі туралы» семинарда.

Сонымен қатар, ол Кеден одағы құрылғанда инвестициялық жобалардың шеңберінде әкелінетін тауарлардың бәрі кедендік салықтан босатылатынын жеткізді. «Яғни, біздің өндірушілер, жаңарту шарасын жоспарлаған немесе қандай да бір станок сатып алуға ниет танытқан, бізде шығарылмайтын шикізат сатып алған кез-келген фабрика мен зауыт аталған заттарды салық төлемей әкеледі», - деп түсіндірді департамент басшысы.

Ж. Күшікова Ресей және Белоруссия жағымен кедендік баж салықтарын келісудің нәтижесінде РФ кедендік баж салықтарының 17% -н төмендеткенін айтты. «Біз әр аталым бойынша дауластық. Кедендік салықтардың 40% сәйкес келсе, қалған 60% бойынша өсіру, төмендету немесе орташа шама белгілеу шарасы қоданылды», - деді департамент директоры.

0 пікір