Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5267 0 пікір 30 Қараша, 2009 сағат 07:32

Республиканың барлық аймақтарында қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде 30 қараша дүйсенбі күні  қар, жаңбыр жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ғана күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында күн жауын-шашынды болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауаның температурасы 2-7 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында жауын-шашынды,  тұман, көктайғақ. Оңтүстік – батыстан секундына 9-14, кей жерлерде 15-20  метр жылдамдықпен жел соғады. Ауаның температурасы күндіз 0-5 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз ауаның температурасы 0-5 градус аяз, кей жерлерде 3 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, тұман түседі, жауын-шашын жаумайды. Желдің күші - 0-5 метр/ сек. Күндіз ауаның температурасы 3-5 градус жылы.

Астанада күн бұлтты, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауаның температурасы 2-4 градус жылы болады.

0 пікір