Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3520 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 07:50

Құрбан айтпен құттықтаймыз!

Құрметті жамағат!!! Барлықтарыңызды мұсылман қауымының ең қасиетті де мәртебелі мейрамы - Құрбан айтпен құттықтаймыз! Алла тағала сенімімізді күшейтіп, нұрын жаудырсын! Жылдың осы бір кезеңін бір Аллаға: "Күнәмді кешір",- деп жалбарына сұрайтын, анадан жаңа ту­ған­дай болып пәктенетін мезгіл деуге болады. Әрбір мұсылманға жүктелген бес парыздың бірі - қажылық болса, бүгінде Арабия түбегіндегі қасиетті орындарындағы мінәжат ету шараларына шамамен 2,5 млн адам жиналды. Сауд Арабиясы қажылық парызын өтеймін деген қазақстандықтарға 4 мың квота бөлгенімен, елімізден қажылыққа 2 мыңнан аса ғана адам барды. Былтыр 5 мың адам барса, биылғы аз көрсеткішті доңыз тұмауының қаупімен байланыстырып отыр. Құрбан араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді, ал шарғи мағынасы - Алла тағаланың ри­зашылығына жақындау, бөлену ниетімен құрбан айт күндері шалынатын арнайы мал. Айт күні құр­бан шалып, Алла тағаланың мейіріміне жақында­ған құлдары бір-біріне игі тілектер айтысып, дәм та­тысады. Құрбандық айт намазынан соң ғана шалынады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1097
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 993
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 728
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 844