Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3584 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 08:06

Президент Қызылордаға келді

Қызылорда. 25 қараша. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және «Жол картасы» шеңберіндегі шаралардың орындалу барысымен танысу үшін жұмыс сапармен Қызылордаға келді.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент «Сырдария» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшада болып, облыстық кітапхананың жалпы ауданы 8,3 мың шаршы метр болатын жаңа ғимаратын аралайды.

Қала басшылығы Н.Назарбаевқа құрылысы жақында аяқталған ипоткалық тұрғын үй кешенін көрсетпек, қызылордалықтар бұл үйдегі пәтерлерді ипотекалық несие арқылы сатып алған.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Дорстрой» ЖШС-інің жанындағы «ТехМаман» оқу орталығында болады. Бұл орталық жұмыс кадрларын даярлауға маманданған. Бұған қоса, президент 2008 жылы салынған «Ақмешіт» мешітіне де баруды жоспарлап отыр.

Н.Назарбаев Қызылорда қаласынан Беларусь Республикасына ресми сапармен аттанады.

0 пікір