Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4265 0 пікір 24 Қараша, 2009 сағат 08:34

Башқұрт бауырлар азаттық жолындағы күресін жандандыруда

Башқұрт елінің ұлтшыл жастарын біріктіретін «Көк бөрі» ұйымының бастауымен жақында ғана Уфа қаласында ағайындас татар халқымен ынтымақтасу және ұлттық білім беру жүйесіне ара түсу бағытындағы наразылық акциялары өтті.

Қақаған аязға қарамастан Республикалық телекомплекс алдындағы алаңда жүздеген башқұрт жастары митинг өткізіп, қолдарына «Тілі жоқтың - елі жоқ», «Көк бөрі» азаттық үшін», "Татар халқымен ынтымақтастығымыз артсын", "Білім беру жүйесін реформалау оның жойылуына алып келеді", "Мәңгүрттік заманына кері қайту жоқ" деген транспоранттар мен плакаттарды ұстап шығыпты.

Осы наразылық акцияларын ұйымдастырушылардың атынан «Көк бөрі» ұйымы көшбасшыларының бірі Азат Сәлманов башқұрт жастары өз күрестерін тоқтатпайтынын, білім беру жүйесін ресейше реформалаудың ұлттық білім беру жүйесін құртука алып келетінін басып айтты.

«Абай.кз» ақпараттық порталы қазақ қауымын, баспасөзін Ресейдегі түрік республикаларының, бауырлас ұлттардың азаттық жолындағы рухани күресін қолдауға үндейді. Ондағы түрік республикалары мықты болса, бізде осал болмаймыз!

Абайшыл, алашшыл ұрпақтың ұраны бір: «Түбі бір түрік халықтарының бірлігі мен ынтымағы арта берсін! Ресейдегі түрік текті бауырларымыздың рухани күресіне сәттілік тілейміз! Құдай оларды рухынан, тілінен, ділінен, тарихы мен мәдениетінен айырмасын!»

"Абай-ақпарат"

0 пікір