Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3468 0 пікір 23 Қараша, 2009 сағат 13:02

Керей мен Жәнібекті Анкараға апарып қоямыз ба?

Мына суреттегілер - Түркия астанасының төрінде тұрған тарихи тұлғалардың мүсіндері. Мұнда біздің эрамызға дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда, дәлірек айтсақ, 234-174 жылдары өмір сүрген, қуатты Ғұн империясын 35 жыл бойы билеп, оның аумағын арттырып, абыройын асырған тәңірқұт Мөде мен Еуропаның жартысын жаулап, атын Адриат теңізінен суарған әйгілі ғұн көсемі Атилладан (біздің эрамыздың 406-454 жж.) бастап, орта ғасырлардағы оғыз, селжүк сұлтандарын қоса, аяғы ХХ ғасырдағы Мұстафа Кемал Ататүрікке дейінгі билеушілер түгел қамтылған. Байқасаңыз, түрік ағайындар мұнда тек Түркияның төл тарихымен ғана шектелмей, бүкіл түркі дүниесіне еңбегі сіңген елеулі тұлғалардың бәрін ескеруге тырысқан. Тіпті қазіргі түрік жеріне пәлендей қатысы болмаса да, түбі Орта Азиядан шығып, Үндістанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған Захираддин Мұхаммед Бабыр шахқа дейін ұмыт қалмағанына қарап, Анкарадағы ұлылар пантеонының мұқият ойластырылған тарихи кешен екеніне көз жеткізе аламыз.

Әрине, кез келген халықтың өз тамырын тарихтың сонау тұңғиық қойнауларынан іздегісі келетіні - түсінікті жайт. Онда да тек ру-тайпа күйінде ғана ғұмыр кешпегенін, мемлекеттілігінің тамыры тереңде екенін көрсетуге тырысу да - қалыпты ұмтылыс. Бұл бағыттағы қазақ тарихшылары мен зерттеушілерінің де еңбегі еш кетіп жатқан жоқ: олар атамекеніміздегі алғашқы мемлекеттіліктің ізі сонау есте жоқ ескі замандарға - біздің эрамыздан бұрынғы дәуірлерге жетелейтінін сан рет дәлелдеді де. Сол ежелгі сақ, скиф, ғұн, үйсін, қаңлы, түркі, оғыз, қимақ, қыпшақ мемлекеттік құрылымдарын былай қоя тұрғанның өзінде, тарихта «қазақ» атауымен әліптелген алғашқы мемлекет - Қазақ хандығының құрылғанына да 550 жылға таяп қалды.

Әлемдегі өзге ұлттар төл тарихын барынша тереңдете түсуге тырысып, оны дәлелдейтін тың деректер іздеп, тыным таппай жатса, Қазақстанда, керісінше, қазақ мемлекеттілігін... ХХ ғасырдың соңынан - 1991 жылдан бастауға деген пиғылдың күшейе түсуі ойландырады. Бұл - осыдан бірнеше жыл бұрын әлде абайсызда, әлде әдейі айтылып қалған «Қазақта бұған дейін шекара болмаған еді...» деген ұшқары сөздің ұсқынсыз жалғасы сияқты. Бәрін өзінен бастауға тырысатын биліктің көзі өз танауынан арғыны, яғни, бүгінгі «белестен» басқаны көруден қалып барады. Ең өкініштісі, саналы ғұмырын қазақтың өткенін саралауға арнап келе жатқан тарихшыларымыз мұндай қауіпті үрдіске қарсы шықпай, қамсыз отыр. Кейбірі тіпті «қазақтың тарихында мүлде болмаған мемлекеттіліктің іргесін Елбасы қалап, қалыптастырып берді» деген әңгіменің әуеніне төңкеріліп, әлек боп жүр. Керей және Жәнібек хандардың ескерткіштерінің дау-дамай тақырыбына айналған тағдыры - біздің өткен күнге ешқандай құрметіміздің жоқтығын аңғартады. Кешен әзірленіп жатқанда да, дайын болғасын да,  тіпті, қоқысқа тасталғаны анықталған соң да үндемеген мамандарымыздың баспасөз шулағаннан кейін барып бас қосып, ескерткіштердің «мүлде жарамсыздығы» туралы мәлімдеуі - еріксіз езу тартқызғаннан басқа еш әсерге бөлеген жоқ.

Бұл - терең тарихымызды қолдан тайыздатуға бағытталған теріс әрекет, кері кету емес пе? Астананың төрінен орын табылмаған хандарымыздың мүсінін енді Анкараға апарып қоямыз ба, қайтеміз?.. Қалайда, тарихи тұлғалардың мүсіні олардың қадір-қасиетіне жете алатын лайықты жерде тұрғаны жақсы ғой...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1470
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125