Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3959 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 07:50

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауларда жер сілкінісі болды

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ- Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауларда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ТЖМ.

«ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтері бойынша, 4-ші қарашада 15 сағат 28 минутта Қазақстан территориясының Күнгей Алатауы жоталарында энергетикалық классы К=10,5 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік –шығысындағы 106 км жердегі координаттары: 42° 55” солтүстік ендік пен 78° 09” шығыс бойлық нүктесінде болды», - делінген хабарда.

Саты ауылында жер сілкінісінің күші 3 балл болды. Зардап шеккендер туралы мәліметтер жоқ, дейді ТЖМ. 

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның таулы аудандарында дүйсенбі күні екі рет жер сілкінісі болған.

ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтері бойынша 2-ші қарашада 11 сағат 44 минутта Жоңғар Алатауының Қазақстандық бөлігінде энергетикалық классы К=9,9 жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік –шығысындағы 490 км жердегі координаттары: 45° 26” солтүстік ендік пен 82° 12” шығыс бойлық нүктесінде болды. Жер сілкінісі Үшарал елді мекенінде екі бал сезілді. Сол күні 14 сағат 35 минутта Қазақстан территориясындағы Тарбағатай жоталарында жер сілкінді.  Жер сілкінісінің ошағы Алматының солтүстік –шығысындағы 634 км жердегі координаттары: 47° 30” солтүстік ендік пен 82° 14” шығыс бойлық нүктесінде болды. Жер асты дүмпуі жақын шекара заставаларында сезілді. Бұл маңда ауылдар жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1971
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2336
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1919
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1563