Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2842 0 пікір 4 Қараша, 2009 сағат 09:29

Мәжіліс асыл тұқымды мал шаруашылығының мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. ҚР парламент мәжілісі сәрсенбі күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің айтуынша, заң жобасы «асыл тұқымды өнім», «ауыл шаруашылық жануарлары» деген ұғымдарды толықтыруды ұсынатындықтан, ауыл шаруашылық өндірісінде қолданылатын малдардың тізімі ұлғаяды. «Ауыл шаруашылық жануарлары» ұғымына балық пен араны да қосу ұсынылады.

Одан басқа, А. Евниевтің айтуынша, түзетулерде асыл тұқымды мал шаруашылығының жаңа бағыты қарастырылған.

«Бұл - тауарлы шаруашылықтардағы асыл тұқымды аналықтардың басын күту шараларына мемлекеттен көмек көрсету. Бұл норма шаруашылықтарды асыл тұқымды мал басын арттырып, асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алуға ынталандырады. Бұл мақсатқа 2012-2014 жылдары республикалық бюджеттен жылына 2 млрд теңге бөлу қарастырылған», - деді вице-министр заң жобасын депутаттарға таныстыру барысында.   

Сондай-ақ, А. Евниев заң жобасы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерді аттестаттау мен қайта аттестаттау мерзімін тәртіпке келтіруді қарастыратынын жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1970
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2331
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1911
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1562