Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3397 0 пікір 2 Қараша, 2009 сағат 08:06

Байжан Дубай. Қосшысы қымқырып басшысы қызметтен кетті

Нұрмахан Исаев үш жарым жыл Павлодар облысының прокуроры болып қызмет етті. Оны білетін жұрт ісіне адал, әділ адам деседі. Тілші қауым әсіресе оның қазақ тіліне деген қамқорлығын, ана тілінде төгілтіп сөйлейтін ділмарлығына риза. Прокуратура органдарының атқарып жатқан жұмыстарын жұртшылыққа жеткізіп отыру үшін журналистерді жиі жыйнап, мәлімдеме жасап отыратын.

Облыс прокурорының соңғы баспасөз мәжілісіне жыйылған жұртшылық тосын мәлімдеме естіді. Прокурор өз еркімен қызметінен кетпекші екен. Оған қол астындағы қызметкерінің пара алуы себеп болыпты. Нақтылап айтқанда Ертіс ауданының прокуроры Бауыржан Жәшенов 3 доллар пара алып жатқанда ҰҚК қызметкерлерінің қолына түскен.

«Парамен ұсталу» дегенді ести-ести бойымыз үйренгені соншама мұндайда «тағы бір жемқор қармақ қауыпты» деп қоя салатын едік. Бұл жолы қоластындағы қызметкерінің кесірінен басшысының креслосын босатқалы отырғаны бізді бей-жай қалдырмады. Өзгеден адал қызмет етуді талап ететін Исаев өзі жіберген кемшілікке өзі кешіріммен қарай алмапты. Бұл да үлкен тәуекелдің, елге адалдықтың белгісі болса керек. Тәжірибелі прокурор Нұрмахан Исаев жұмыссыз қалмасы анық. Алайда, оның бұл ісінен өзгелер, әсіресе бағыныштыларымен бірге былыққа батса да былқ етпейтін бетсіздер сабақ ала ма, әлде асарын асап, жасарын жасап алған соң жым-жылас болатын «ахметовтың әдісі» күшінде қала ма, мәселе, осында.

«Абай-информ».

0 пікір