Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4201 0 пікір 2 Қараша, 2009 сағат 07:34

Алаш Базарқұл. Иманынан диваны қымбат мешіт

Екібастұз қалалық мешітін төңіректеген дау-дамай толастар емес. Соңғы уақытта кеншілер шаһарындағы Аллаһтың үйі мен оның қызметкерлері алып-қашпа әңгімелер мен қауесеттердің астында қалды. Екіге бөлініп алып бірін-бірі жамандаған жамағат жаға жыртысуға жақын. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры!» демекші, алғашында мешітке ат беруден басталған тартыс соңы, имамдармен жамағат арасындағы «жекпе-жекке» ұласқанға ұқсайды. Сонымен кейінге сәл шегініс жасайық!

2006-шы жылы 21-ші маусымда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мәжілісінде мақұлданып, сол жылғы 24-ші тамызда бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мырзаның шешімімен Екібастұз мешітіне Исабек ишанның атын беру ұйғарылған. Алайда, бас мүфтидің бұйрығы әлі орындалмай келеді. Осыған наразылық танытқан жұрт, мешіт ауласына жиналып ара-тұра реніш білдіріп қояды. Исабек ишанның кім екенін айтып жату артық болар, әйтсе де оның әйгілі дінтанушы ғұлама-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұстазы екенін тілге тиек ете кеткен жөн.

Бас мүфтидің қаулысын орындауға Павлодар облыстық орталық мешіттің бас имамы Жұмабай Ықыластың да ықыласы жоқ. Бәлкім қауқары болмай жүрген шығар. Өйткені, ол мешітке Екібастұздың бұрынғы әкімі, бүгінде қаладағы белді кәсіпкер Елтай Арбиев атасының атын бергісі келіп жүр-міс. Жұрт солай дейді. Айтпақшы, Елтай Арбиев бұрынғы қорғаныс министрі Даниал Ахметовтің жақын «тамыры». Соған қарағанда «жыланды үш кессе де кесірткедей қауқары бар» боп тұрғанға ұқсайды. Халық, мешітке Исабек ишанның атын беру жөнінде жеті мың адамның қолын жинап өрлі-қырлы жүгіргенімен үш жылдан астам уақыттан бері ол әрекеттерінен ештеңе шықпай жүр. Облыстың бас имамы Жұмабай қажының әзірге жамағат жаққа қисаяр түрі байқалмайды.

Биылғы ақпан айында Екібастұз мешітінің бас имамы Хайролла Әбілдәбектің орнына Әбілхан Жәпішев тағайындал-ды. Жұрт, жас имамнан бір жақсылық күткен еді. Алайда, мешітке ат беру мәселесіне ол да қырын қарады. Керісінше асай-мүсейлерін арқалап келген журналистерге айбат көрсетіп, «қызметтеріңнен кетіремін» деп қоқан лоқы жасады. Қазір жаңа имам есігінің алдына хатшы ұстап, мешіттің айналасына бейнекамералар орнатып тастапты. Жаназа шығаруға да басқа моллаларды жолатпайтын көрінеді. Екібастұз мешіті төңірегіндегі дау-дамай, Әбілхан Жәпішевтің имам болып келуімен онан әрмен қоза түсуде. Өткен жылы мешіттің он жылдық тойына келген бас мүфти Әбсаттар қажы, бұрынғы имам Хайролла Әбілдебекке ризашылығын білдіріп арқаға қаққан еді. Араға алты ай салмай жатып оны орнынан алып тастауын халық түсінбей сан-саққа жүгіртіп жүр.

Жалпы Екібастұз мешітіне қызығатындар көп. Екібастұз мешітінің бұрынғы шаруашылық басшысы Ермұхамет Қамзиннің айтуынша, мешіт соңғы жылдары діни басқармаға қомақты қаржы түсірген. Яғни, садақадан түскен қаржы облыстық имамның қалтасына емес, ҚМДБ-ның қоржынына кеткен. Алайда бұл облыстың бас имамына жақпады, сондықтан ол Әбілхан Жәпішевке дейін имам болған Хайролла қажыны қудалап, ақыры оны орнынан алып тынды дейді.

Осылайша соңғы жылдары иманынан гөрі отыратын диваны қымбаттау болып кеткен Екібастұздағы Аллаһ үйінде тәжіке талас белең алып тұр. Жақында ҚМДБ-дан арнайы комиссия құрылып, Екібастұз халқынан түскен шағым бойынша  мешітті тексеріп қайтты. Комиссия алдында облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова, Екібастұз әкімі Нұрлан Нәбиев және аймақтың бас имамы Жұмабай Ықылас қазіргі имамды ақтап, жамағатты жазғырыпты. Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайтын бұл дау-дамай әлі де біразға дейін жалғасатын түрі бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1251
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1146
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 882
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1019