Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3442 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 06:39

Алматыдағы дағдарысқа қарсы шаралар 45 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етті – әкім

Алматы. 29 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан үкіметінің дағдарысқа қарсы шаралары 45 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік тудырды, деп хабарлады Алматы әкімі Ахметжан Есімов, бейсенбі  күні қала әкімшілігінің кеңейтілген отырысында.

«Шетелде атқарушы биліктің жұмысының дағдарыс кезіндегі тиімділігі ең алдымен халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейі және жұмыссыздықпен күреспен өлшенеді. Президенттің қолдауының арқасында біз бұл мәселені шештік. Тізбекті атқару (дағдарысқа қарсы шараларды – ҚазТАГ) 45 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», - деді А. Есімов сөйлеген сөзінде.

«Қалалықтар көлік инфрақұрылымы саласы, энергетика, әлеуметтік сала мен Азияда нысандарында жұмыс жасап жатыр. Барлық жерде қаланы көркейту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.

Дағдарыс салдарынан қала кәсіпорындарындағы жұмысшылар азайды. Оның ішінде шағын және орта кәсіпорындарда 26,3 мың адам, құрылыста – 12,9 мың адам, 4,7 мың адам өнеркәсіп кәсіпорындарында қысқарды. 

Кәсіпорындардың жалақы қарыздары да проблема болып отыр.

«Бүгінге қарыздар сомасы жыл басымен салыстырғанда 1,9 млрд теңгеге қысқарып 533 млн теңгені құрады. Қарыздың қалдығы 28 кәсіпорнында бар. Олар бойынша соттасу мен басқа да процедуралар жүріп жатыр», - деді А. Есімов.

«Қарыздар көп жағдайда кәсіпорындардың басшыларының айыбынан екеніне ерекше назар аудару керек.Осындай фактілерге жол бермеу үшін қол қойылған меморандумдарға ерекше назар аудару керек. Олардың саны қазір - 150», - деді әкім.

Жалақы бойынша қарыздарды азайту мен қалалықтарды жұмысқа орналастыру мәселесін әкім «дағдарысқа қарсы шаралар мен бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қадағалау комиссиясының кезекті отырысына шығару керектігін» тапсырды.

0 пікір