Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2551 0 пікір 22 Қазан, 2009 сағат 18:36

Кенжебек ИШАНҒАЛИ. ЖАЙЫҚТА ЖИҺАДШЫ КӨБЕЙІП БАРА МА?

Батыс Қазақстан облыстық ҰҚК және ІІБ қызметкерлері бірігіп, арнайы операция өткізді. 30 қыркүйек күні 16.00. сағат шамасында Орал қаласының қақ ортасындағы «Әмбебап дүкен» аумағында тыйым салынған діни кітабы, есірткісі, тіпті бомбасы бар жергілікті тұрғын қолға түсті. Ол біраз уақыттан бері бақылауда жүрген радикалдық діни ағымның белсенді мүшесі екен. 23 жасар жігіттің «Фольксваген-Гольф-3» жеке көлігін тексеру барысында 2 грамм героин және полиэтиленді пакетке салынған 4 жарылғыш зат табылды. Қолдан жасалған жарылғыш бомбаны тротилл мен аммиак селитра араластырып жасаған қаныпезерлер оған 370 грамм болт, гайка, шеге қосыпты. Ондағы мақсат - бомба неғұрлым көп адамды жарақаттасын дегені болса керек.

Әлгі азаматтың үйін тінту барысында 13 діни кітапша, сондай-ақ, экстремистік сипаттағы материалдар жинақталған, сотпен тыйым салынған "Китаб-ат-Таухид" кітабының ксерокөшірмелері табылған. Бұған қоса, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылар туралы нұсқаулықтың 28 парақ көшірмесі, жихад жүргізу бойынша нұсқаулық және діни мазмұндағы материалдары бар 9 диск тәркіленді. Қазір ол қамауда, қылмыстық іс қозғалды.
Осыдан бір ай ғана бұрын БҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Марат Таңатов дегеннің көлігінен аса ірі мөлшерде есірткі заты (марихуана) мен шолақ мылтық тауып, қамауға алған болатын. Ол азаматтың да шатақ дінге қатысы барлығы туралы сыбыс ел ішінде гулеп тұр.

«Үш қиян» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1519
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1369
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1118
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1148