Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2922 0 пікір 22 Қазан, 2009 сағат 18:32

Данияр ӘШІМБАЕВ, саясаттанушы: Үкіметтің 78 пайызы - ғылым кандидаттары мен докторлар

«Айтpark» қоғамдық-саяси пікірталас клубының кезекті отырысы өтіп, оған «Кто есть кто в Казахстане» энциклопедиясының баспагері, саясаттанушы Данияр Әшімбаев қатысты. Кеңестік және қазақстандық элитаны зерттеп жүрген азаматтың бұл еңбегіне қазіргі таңда 10 мыңға таяу саясаткер кіреді.

Клуб қонағын таныстырған саясаттанушы, модератор Нұрлан Ерімбетов өз мәнерінде бірқатар сұрақтарын қойды. Біз модератор Н.Ерімбетов пен Д.Әшімбаев арасындағы сұхбаттың қысқаша нұсқасын беріп отырмыз.

«Айтpark» қоғамдық-саяси пікірталас клубының кезекті отырысы өтіп, оған «Кто есть кто в Казахстане» энциклопедиясының баспагері, саясаттанушы Данияр Әшімбаев қатысты. Кеңестік және қазақстандық элитаны зерттеп жүрген азаматтың бұл еңбегіне қазіргі таңда 10 мыңға таяу саясаткер кіреді.

Клуб қонағын таныстырған саясаттанушы, модератор Нұрлан Ерімбетов өз мәнерінде бірқатар сұрақтарын қойды. Біз модератор Н.Ерімбетов пен Д.Әшімбаев арасындағы сұхбаттың қысқаша нұсқасын беріп отырмыз.

- Қазіргі Үкімет пен Қонаев, Колбин тұсындағы, ерте Назарбаев кезіндегі үкімет арасында қандай айырмашылықтар бар? Білімі, жасы жағынан өзгешеліктер қаншалықты?
- Мен бұл сұрақты кеше естіген соң, Үкіметтің 90-жылдардағы құрамы мен қазіргі құрамын ерінбей салыстырып келдім. 90-жылдың мамыр айында төмен­дегідей кесте жарияланды: Білімі жағынан алсақ, сол кездегі Үкімет адамдарының 60 пайызы инженер-құрылысшы мамандығын игерді. 12 пайызы - экономист, 8 пайызы - педагог, 6 пайызы - агроном мен зоотехник, қалғаны гуманитарлық мамандық иелері болған, атап айтсақ, 1-еуі - режиссер, 2-еуі - хи­мик. Қызығы сол, 90-жылдары 1 режиссер болған еді, қазір де
1 ре­­жиссер қалды.
- Ұлттық құрамы жағынан қалай?
- Үкіметтің ұлттық құрамына келсек, 90-жылдары министр­лер қатарында қазақтар - 52 па­йыз, орыстар - 35 пайыз, украин­дықтар - 8 пайыз, татарлар - 4 па­йыз, армяндар - 2 пайыз болған. Үкі­мет мүшелерінің орта жасы - 53 жас болатын.
Ал 2009 жылғы дерек мынадай: Білімі жағынан, Үкімет мүше­ле­рінің 31 пайызы - экономист, 28 пайызы - инженер, қалғандары­ның ішінде заңгерлер, журналист, ветеринарлық дәрігер, режиссер, агроном мен математик бар. Қарап отырсаңыз, білімі жағынан бұл кесте кәдімгідей өзгеріске түскен. Егерде 90-жылдары тек қана 6 адам­ның «ғылым кандидаты» деген ғылыми дәрежесі болса, қазір Үкі­меттің 78 пайызы - ғылым кан­дидаттары мен докторлар, акаде­миктер. Ал ұлттық құрам түбегейлі өзгерді. Бүгінгі таңда премьер-министр мен ұлттық агенттіктердің өкілдерін санамасақ, онда Үкі­меттің 93 пайызы - қазақ.
Гендерлік құрам 90-жыл­дар­дан бері түк өзгермеген. Сол за­манда Үкіметте 7-8 пайыз әйел азаматы болса, қазір де сол көр­сеткіш. Ең қызықты жайт - қазіргі Үкімет мүшелерінің орта жасы. 90-жылдары бұл көрсеткіш 53 жасты құраған еді. Өз басым қа­зіргілердің орта жасы - 36-40 жас деп ой­лағам, бірақ шын мә­нінде Үкімет­тің орта жасы - 49 жас екен. Яғни Үкі­мет небары 4 жасқа жа­сарған. Не­гізі, 90-жылдары келген жас эли­та қазір қартайып барады.
- Президент Үкіметтің кеңей­тілген отырысында сөз сөйлеген кезінде: «Хатшылар - министрлік­тер мен әкімдіктердегі менің көз­дерім. Олар менің Жарлығыммен тағайындалады. Әкім, министрлер өзгеретін болса да, жауапты хат­шылар қалады» деген еді. Бұл бас­тама қаншалықты жүзеге асты?
- Жалпы, өздеріне жақсы жа­уапты хатшыларды таңдап алған бірқатар министрліктер де бар. Мәселен, Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінде, Сыртқы істер ми­нистр­лігінде жауапты хатшылар өзгерген емес. Ал басым жағдай­ларда көп мәселе оның құзырына барып тіреледі. Мәселен, алға қой­ған мақсат-мұраты көп, сырттан келген хатшылар министрліктерге өз бастамаларымен келіп жатады...
- Жалпы, бізде қанша жауапты хатшы өзгерді?
- Жалпы айтқанда, он шақты адам өзгерді. Кейбір жағдайларда жауапты хатшылар министрлер­ден де жиі ауысып отырды.
- Есімде, осыдан екі жыл бұрын біздің премьердің бір ғана орын­басары болады деп айтылған еді. Ал қазір бізде қанша вице-премьер бар?
- Бізде үш вице-премьер бар. Тарихи тұрғыдан, вице-премьер­лер үш адамнан кем болмауы тиіс. Өйткені бізде қаншама министр­лік­тер, құрылымдар мен әкімдіктер бар?! Бұл жағдай өзара үйлесімді­лікті талап етеді. Жалпы, одан бұ­рын бір жарым жылдай бізде бір ғана вице-премьер болғаны рас.
- Бүгінгі таңда билік элита­сын­да рулық қатынас пен трайбализм қаншалықты рөл атқарады?
- Жалпы, трайбализм жоқ емес, бірақ ол шешуші мәнге ие деп те ойламаймын. Бұл тек аудандық деңгейде бар нәрсе болуы мүмкін. Ал облыстық деңгейде жағдай әрқилы. Облыста бір ғана этника­лық доминант жоқ, онда әртүрлі азаматтар тұрады. Орталықтарда үрдіс басқаша. Мәселен, бізде «ұлт­аралық келісімнің қазақша моделі» бар. Бұл арада, керісінше, Ассамблеямыз бар, Парламентіміз бар, солар арқылы өзге ұлт өкіл­дерінің билікке тартылуы қадаға­ланады.
- Қай әкім, министрлер өзінің артынан «командасын» ілестіріп жүреді.
- Жалпы, қазір кімді алмасақ та, бәрі де өз командасын алып жүреді. Мұндай практика 80-жыл­дардың орта шенінде бастал­ды, ол тұста Әуелбеков Торғайдан Қы­зылордаға адамдарын көшіре бастады. Бұған объективті де се­бептер болды. Ал 1997 жылдың аяғында мұндай үрдіс жалпыұлт­тық деңгейге жетті. Президент астананы көшіргеннен кейін, әкімдердің арасында үлкен ро­та­ция басталды. Павлодардан Пет­ропавлға, Петропавлдан Ақмола облысына, Семейден Павло­дар­ға, т.б. жерлерге адамдар қоныс теуіп жатты...
Жалпы, кейбір басшылардың бойында қоршаған ортасына деген психологиялық тәуелділігі пайда болатын сияқты. Мәселен, ол әлеу­меттік мәселемен - пәленшенің, ішкі саясатпен - түгеншенің, ша­руашылық істермен - үшінші біреудің айналысқанына бой үй­ретіп алады. Ол облыстан тура сондай мамандарды табамын дегенше, оған сол мамандарды өзімен бірге апарған ыңғайлы. Мұнда тек қана Марат Тәжин ми­нистрліктен министрлікке ауыс­қанда, өзімен ешкімді де алып жүрмейді.
- Артынан адамдарды ертіп жүру қаншалықты орынды?
- Мұнда аймақтық мамандар­дың өз проблемасы бар, өйткені орталыққа аймақтан бару мүлдем мүмкін емес. Мәселен, аудан әкім­дерінің не әкім орынбасарларының орталық билікке жету мүмкіндігі нөлге тең. Мәселен, Мәжіліс депутаты болып, кейін министр орынбасары болған азаматтар кездесті. Бірақ бұл 1000 адамның ішінде біреуіне ғана берілетін мүм­кіндік. Орталық министрліктерге байқау арқылы өту тағы да мүмкін емес. Себебі бәріміз де жақсы орындарға байқаудың өз адамдары үшін жарияланатынын білеміз. Бұл тұста жалғыз амал әрі жылдармен жүйеге айналған мүмкіндік - ол біреудің командасына кіру. Сон­дықтан адамдарда бір командада болып, өсуден басқа амалы жоқ.
Залдан сұрақ: - Ескі маман­дардың орнын «болашақтықтар» қалай басып жатыр?
- «Болашақ» бағдарламасы­ның идеясы әу бастан жақсы еді: Балалар шетелден білім алып, кейін мемлекеттік қызметке тар­тылуы тиіс-тін. Бірақ «болашақ­тықтар» жайлы айтқанда, кім қандай мамандықты алды дегенге келгенде, ешкім де тіс жармайды. Егерде олар «мемлекеттік басқару» мамандығын игерсе, ол бөлек әң­гіме. Ал бізде «болашақтық» десе, бітті, ол кез келген саланың жақсы маманы деп қабылдайды. Бізде консерваторияны бітірген де болашақтық мемлекеттік қыз­меткер бар. Тура салаға қатысты мамандық иесі болған болашақ­тықтарды мен білмеймін.
Жалпы, «Болашақ» бойынша оқу - үлкен мәртебе. Бірақ кейін оларды қайда жұмысқа орналас­тыруды ешкім де білмейтін сияқты. Өз басым 5-6 мысалды білемін, жақсы білім алып, аппаратта біраз қызмет етіп, бірден министрлік креслоға отырмай, үлкен тәжіри­беден өткен жақсы азаматтар да бар. Бірақ жалпылама зерттеу жүргізсек, тек қана бір адам өңір­дік деңгейде жұмыс істеген. Ешкім де тәжірибе жинау үшін Петропавл, Павлодар, Қызылорда сияқты ай­мақтарға бармайды. Яғни олар­дың қызметтік карьерасы орта­лықта өтеді, өңірлерде қордаланған проб­ле­маларды шешіп, тәжірибе алма­су атымен жоқ.

Кәмшат ТАСБОЛАТ

«Айқын» газеті 22 қазан 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1487
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1339
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1089
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1133