Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 20 Қазан, 2009 сағат 16:15

Мұхтар Жәкішев ауруханаға түсті

Ісі тергеуде, өзі қамауда жатқан "Қазатомпром" Қазақстан ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев медициналық тексеруден өту үшін ауруханға жатқызылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің басшысы Кенжеболат Бекназаров хабарлады.

  Сейсенбі күні К. Бекназаров бірқатар БАҚ-тың таратқан хабарламасын "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне: "Расында да, Жәкішев стационарлық жағдайларда медициналық тексерістерден өту үшін ауруханаға жатқызылды. Бұл оның денсаулық ахуалы турасында тарап кеткен дабыра сөздің тұманын сейілту мақсатында оның науқасының дәлме-дәл диагнозын анықтау үшін жасалып отыр",-деп растады.

 Ол, сондай-ақ, "Жәкішев Астана қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, күзеті күшейтілген және онымен тілдесуге шектеу қойылған",-деп қосыпты.

 Осы жылдың мамырында тұтқындалған М. Жәкішев Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында ұсталып келген болатын.

Оның зайыбы Жәмила мен адвокаттарының бұған дейін де "Мұхтар Жәкішевтың денсаулығы барған сайын нашарлап барады" деп бірнеше мәрте мәлімдегені жұрттың есінде. Атап айтқанда, Ж. Жәкішеваның сөздеріне қарағанда, кардиолог Мұхтар Жәкішевтың бойынан гипертонияның асқынуын (қан қысымы төмендемейді, сынап бағаны бойынша 200 де 140-тың шегінде тұрақты тұр), жүректің сол жақ қалтасының атрофиясын (жансыздануын) тіркеген, оның бойынан қуат кетіп, үнемі бас және жүрек ауруларынан азап шегуде. Тұтқынның қол-аяқтары ісініп, қолының қан тамырлары жарылуда, ол әзер қозғалады және тіпті, өзінің адвокатымен де жөндеп сөйлесе алмайды,-деп тұжырымдайды Ж. Жәкішева.

 Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы мамырдан бері тексеріліп жатқан,  арнайы қызметтің "Қазатомпром" басшылығына, бәрінен бұрын Мұхтар Жәкішевке қатысты қозғаған, "Уранды іс" деген атқа ие болған істі таяу күндері прокуратура қайта толықтырып тексеру үшін кері қайтарған болатын. Ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы қызметтік құзыретін асыра пайдаланған, ірі мөлшердегі мемлекет қаражатын ұрлаған, Қазақстанның уран өндіру саласына зиян келтірген деп айыпталып отыр. Аталған іс республика мен одан тыс жерлерде үлкен қоғамдық сілкініс туғызды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1444
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1285
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1043
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1094