Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2672 0 пікір 20 Қазан, 2009 сағат 07:40

Аманхан Әлімұлы, Бейбіт Төлегенұлы. Қылмыстың саясатқа қатысы қанша?

Алматыда жаңа үгіт-насихат билбордтары қаптап кетті. Не болған дейсіз бе? Бұлар «әйгілі» адвокат Евгений Жовтисті қорғауға шақырған белсенділердің үндеулері.

Әңгіме түсінікті болу үшін, естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 25-ші шілдесі күні кешқұрым Евгений Жовтис Алматы облысының Ақдала кентіне жақын жерде, Алматы-Қараой трассасының бойында адам қағып кетті. 35 жастағы жүргінші апат болған жерде жан тәсілім еткен. Содан кейін Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлімі («Жол және абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған көлік құралдарын басқарған тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу») бойынша Евгений Жовтистің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда, марқұмның туыстары «атақты» құқық қорғаушыға «ешқандай талап-наразылығымыз жоқ» деп отыр. «Кісісі өліп, қаралы болып» отырғандарына қарамастан, олардың неліктен наразылық айтпай, «кешірімшіл де кеңпейіл» жандарға айнала қалғандарын түсіну де қиынға соғып тұр.

Алматыда жаңа үгіт-насихат билбордтары қаптап кетті. Не болған дейсіз бе? Бұлар «әйгілі» адвокат Евгений Жовтисті қорғауға шақырған белсенділердің үндеулері.

Әңгіме түсінікті болу үшін, естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 25-ші шілдесі күні кешқұрым Евгений Жовтис Алматы облысының Ақдала кентіне жақын жерде, Алматы-Қараой трассасының бойында адам қағып кетті. 35 жастағы жүргінші апат болған жерде жан тәсілім еткен. Содан кейін Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлімі («Жол және абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған көлік құралдарын басқарған тұлғалардың көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу») бойынша Евгений Жовтистің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда, марқұмның туыстары «атақты» құқық қорғаушыға «ешқандай талап-наразылығымыз жоқ» деп отыр. «Кісісі өліп, қаралы болып» отырғандарына қарамастан, олардың неліктен наразылық айтпай, «кешірімшіл де кеңпейіл» жандарға айнала қалғандарын түсіну де қиынға соғып тұр.

Адам құқығы жөніндегі Қазақстан бюросы директорының ісі бойынша алғашқы сот мәжілісі тамыздың 27-де, Алматы облысы, Бақанас кентінде өтті. Осы тұрғыдан келгенде, Жовтистің «нақақтан күйіп» бара жатқандығын айтып, алаңға шығып, акция ұйымдастырып жүргендердің әрекеті сот органдарына ашықтан-ашық қысым жасау екенін кез келген көз қарақты, көкірегі ояу жандар айқын түсінеді. Ал, Алматының «Арбатына» топтанып алып, төңіректі шулатып жатқандарға, тіпті, оны айтасыз, түрлі көрнекі құралдарды (Жовтистің суреті бейнеленген қоңырау макеті, сансыз транспаранттар, көшелердегі билбордтар мен ұран-сөздер) жасап алғандарға соншама көл-көсір көп ақшаның қайдан келіп жатқанын түсіну қиын болып тұр.
Жовтистің өзі бұл қылмыстық істі тапсырыспен ұйымдастырылып отыр деуден еш танар емес. Ол тамыздың 25-і күні Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында: «Мен мұның саяси тапсырыс екенін анық білмеймін. Бірақ, бұл қылмыстық істің тапсырыспен ұйымдастырылғанына сенімдімін» деп мәлімдеді.

Сонда қара жолда жұлдыздай ағып келе жатқан көліктің астына түсіп мерт болған марқұмға әлдекімнің «Сен барып, тап сол Жовтистің машинасының астына түс, ақыңды береміз» деуі мүмкін бе? Тіпті сондай тапсырма алған адам әлгіндей жойдасыз іске қалай тәуекел етеді? Логика қайда, ағайын!?
Қысқасы, жер дүниені шулатып жүргендер Жовтистің саяси емес, қандай дәрежеде болса да, азаматтық қылмыс жасап отырғанын білмей ме? Қылмыстың аты қашанда қылмыс болып қала береді. Оны зерттеп-зерделеу керек, ол үшін сотты, судьяларды кінәлап, олардың азаматтық-мемлекеттік міндетінен саяси астар іздеудің қандай қажеті бар? Олар өздеріне жүктелген міндеттерін атқарып жатыр. Сотқа қысым жасап, қоғамдық пікірді теріс бағытта қалыптастыру - қылмыстың үлкені. Сондықтан, ҚЫЛМЫС пен САЯСАТТЫ жаңылыстырмаған жөн.

Республикамыздың «атын шығаруға өртейтін жер таппай» жүрген «оп-позицияшыл» деп аталатын партиялар саяси ұпай жинауға тағы бір сылтау тапқандарына мәз. Жалғыз Жовтис қана емес, «Оп-позицияшылдарға» «Құдай айдап, Тохнияз Кучуковтың да адам басып өлтіріп алғандығы» «іздегенге сұраған» болып тұрғандай. Ел билігі мен сот жүйесіне, олардың жүргізіп отырған саяси бағыт-бағдары мен реформаларына қай тұстан тиісерлерін білмей жүргенде, мынау деген «аспаннан жауған манна ботқасындай» болды, тіпті. «Оп! Міне, тағы бір позициядан» оңтайлы жағдай, оң жамбасқа атып ұрар сәт келді» дегендей, алақандарын ысқылай кірісіп кетті. Әсіресе, Дос Көшім сияқты ұлтқа жаны ауыратын адамдарды сол Жовтисті қорғаушылардың арасынан көруіміздің өзі біздің құқық-сот саласындағы сауатымыздың кемістігін аңғартса керек. Оған белгілі басылымдардың басын ұстап отырған журналистеріміздің сот-құқықтық саладағы біліксіздігін қоссақ, мәселе, тіптен, күрделене түседі.

Өз беттерінше құрып алған Евгений Жовтистің ісіндегі заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық Комитеттің құрамына көз салсаңыз, өңкей бір ығай мен сығайдан көз тұнады:

Инесса Хезелле Меербург (Қазақстан), Андрей Аранбаев (Түркіменстан), Виталий Пономарев (Ресей), Юрий Джибладзе (Ресей).

Олардың арыздарына қол қойып, қосылғандар:
1. Виталий Пономарев, "Мемориал" Құқық қорғау Орталығының Орталық Азиялық Бағдарламасының директоры, Ресей.
2. Holly Cartner, Europe and Central Asia director, Human Rights Watch,
3. Kate Watters, Michelle Kinman, Сrude Accountability, USA,
4. Светлана Ганнушкина, Азаматтық ықпалдастық комитетінің төрайымы, Ресей.
5. Валентин Гефтер, Адам құқығы институтының директоры, Мәскеу, РФ Президенті жанындағы Адам құқығы мен азаматтық қоғамды дамытуға ықпал ету жөніндегі Кеңестің мүшесі және тағы басқалар болып жалғасып кете береді.
Танымал құқық қорғаушының қорғаушысы Шолпан Батқалова болса, «тергеу барысында көптеген дөрекі процессуалдық қателіктер жіберілді, сондай-ақ қорғауындағы тұлғаның құқығы бұзылды» дейді. Қысқасын айтқанда, азаматтық қоғамның белсенділері билік жол апатын танымал құқық қорғаушыдан кек алу мақсатында пайдалануы ықтимал деген қауіппен Жовтис ісіндегі заңдылықтың сақталуы жөнінде Халықаралық комитет құрып, тіпті, Қазақстанның тергеу және сот органдарына, түйіндей айтқандағы мәні - «істі объективті түрде әділ қараңыздар» дегенге келіп саятын мәлімдеме жасап үлгеріпті.

Әйткенменде олар қылымысты істі саясатқа теліп, басқа басқа емес, айыбы мойнына қойылған Жовтистің де тағдырымен ойнап жүргендерін жасырып бағуда.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1446
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1293
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1047
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1101