Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2617 0 пікір 12 Қазан, 2009 сағат 04:13

Фарида Бықай. ҚҰМЫРА мен ҚҰДЫҚТАН НЕ ІЗДЕЙМІЗ?..

Бұл үшеуі облыс орталығының Кутузов атындағы орталық көшесіне қойылды. Екі тас құмыраның салмағы жүз тонналық болса, арба мен құдықтың да жәй ағаштан жасалмағаны байқалады. Бұрын-соңды қала көшелерінен мұндай ғажап  көріністер көре қоймаған тұрғындар қызық көріп қарайды. Шенеуніктер «Жол картасы» бағдарламасына орай қаражат бөліп, қаланы көріктендіру жұмыстарын осылай қолға алуда. Кутузов пен Естай көшелерінің қиылысы облыс орталығының ең бір көзге түсер тұсы.

Қиылысты айнала қоршаған қазақ тілінде бір ауыз сөз жоқ. Ал, өзге тілдегі әлем-жәлем зәулім бильбордтар қаптап-ақ тұр. Кутузовтың орнына Бөгенбай батырдың, немесе Бұқар жырау бабамыздың ескертікштері тұратын бұл көшеге енді құмыра мен арба, құдық кеп орын алды. Шенеуніктер құмыра, арба, құдықты ауылды еске түсіретін көріністер деп көшеге осы мақсатпен қойғызыпты. Бәрекелді. Бірақ, сол кувшин-құмыраңыз бен телега-арбадан, колодец-құдықтан-қазақ ауылының, қазақы ұлттық болмыста пайдаланатын заттарды көріп тұрғанымыз жоқ. Орыс деревнясының тұрмыс-тіршілігін  көзге елестетін заттардың біздің облыс орталығына қажеті қанша?..

Керісінше, бізге сол жақтардан, шетелден келетін қонақтарға қазақ ауылының бейнесін  ұлттық болмыстағы нақыш-нышан бейнелер арқылы көрсетіп көше ортасына қойғанымыз дұрыс болар еді. Ғұмырында тұма, бұлақ пен бастаудан су ішкен қазақ ауылдарында осы күнге дейін  Кутузов көшесіндегідей су алатын құдық кездеспейді. Қазақы ат арбаның да жөні бөлек. Шығыс құмырасының да өзіндік ерекшеліктері  бар.Облыс орталығын ұлттық нақышқа сай әсемдеуге қазақтың көшпелі тірлігінен бастап, ыдыс-аяғының, қолөнер бұйымдары, үй-жайға, күнделікті қолданатын тұрмыстық заттарына сан жетпес. Асыққа ескерткіш қойған елдерде бар. Келі мен келсап, құман, күбі, торсық, жіңішке қыш құмыралар, тостаған, тай қазан....деп жалғасып кете береді, одан әрі ғасырлар тереңіне үңілсек, балбал тас, түйе-түйе, түйелер, бүркіт, қобыз, домбыра, тақия, ою-өрнек, сынтас, ұршықтасты да жаңғыртатын уақыт келді. Мұның бәрінің ғажайып сырларын қалалық сәулет бөлімінің бастығы Андрей Балашов қайдан білсін?. Осы жөн-жобаны жасап, бекітпей тұрып, қалалық әкімдік арнайы байқау жариялап,облыс орталығындағы тұратын қазақ сәулетшілерінің пікірлерін тыңдап алу керек еді. Кереку өңірінің келбетіне сай өзіміздің төл туындыларымызға орын бергеніміз дұрыс. Қалалық әкімдік қала көшелерін көріктендіргісі келсе, ең әуелі оның ұлттық салт-дәстүрге сай, қазақы мәндегі,елдік санаға лайық мәдени-этнографиялық тақырыптарына көңіл бөлгендері қажет.

Павлодар қаласы

(«Егемен Қазақстан» газетінен алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2127
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1764
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532