Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2605 0 пікір 10 Қазан, 2009 сағат 07:26

Өскеменде қаладағы алтыншы мешіт құрылысы басталды

Өскемен. 9 қазан. ҚазТАГ – Өскеменде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы алтыншы мешіттің іргетасының салтанатпен салыну рәсімен қатысты. Іргетасты қалау рәсімінде сөйлеген сөзінде Б. Сарапбаев «қазақстандықтардың таңдаған жолы – толеранттық жолы» екенін атап өтті.

ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлағанындай, бүгіндері жұмыс істеп тұрған төрт мешіт барлық мұсылмандарды сиғыза алмай жатыр. Көбі, әсіресе діни мерекелер кезінде, намазын мешіт ауласында оқуына тура келеді. Осы себепті Ертістің сол жағалауындағы экологиялық таза жерден 1,5 мың адам сиятын жаңа мешіт құрылысына 3,5 га учаске жер берілді. Жоба бойынша мешітте әйелдер мен ерлер намаз оқитын бөлмелер, 60 шәкірттік медресе мен 500 адамдық рәсми ас берілетін зал қарастырылған. Мешітті биіктігі 63 метрлік төрт мұнара мен 40 метрлік күмбез көркейтіп тұрмақ. Құрылыстың жалпы құны 1,5 млрд теңге.

Жаңа мешіт құрылысы тек садақыға жиналған қаражат пен құрылыс материалдарымен көрсетілген көмек есебінен жүргізіледі. «Жұмысқа қазірдің өзінде 8 млн-нан артық қаржы түсті», - дейді әкімдіктен.

Ал, 2007 жылы ШҚО облыс орталығында бесінші зәулім мешіттің құрылысы Ертістің сол жағалауында, сол кездегі облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов пен Өскеменнің экс-басшысы Шәкәрім Бүктугітовтердің салтанатты қатысуымен басталған болатын. Бірақ біраз уақыт өткен соң мешіт құрылысы тоқтап қалды. Бүгіндері қаланың зәулім мешіті болады деп айтылған сол нысан құрылысы әлі тоқтап тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2245
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2602
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2571
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687