Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2812 0 пікір 6 Қазан, 2009 сағат 06:37

Өткен тәулікте Қазақстанда бес өндірістік оқиға тіркелді, оның төртеуі адам өлімімен аяқталды – АҚШ азаматы қаза болды

Алматы/Ақтөбе/Өскемен/Теміртау, Қарағанды облысы. 6 қазан. ҚазТАГ – Дүйсенбі күні еліміздің аймақтарында бес өндірістік оқиға тіркелді, оның төртеуі адам өліміне себеп болды, – деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ жергілікті жедел әрекет ету күштерінен министрліктің республикалық дағдарыс орталығына түскен мәліметтерді негізге ала отырып.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, оқиғалардың бірі Алматының Бостандық ауданында, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде болған. Халықаралық трамплиндер кешенінің аумағында ( «Судейская вышка») «10 сағат 50 минутта  «ҚазГазТехника» ЖШС-інің 31 жастағы жұмыскері 5,5 метр биіктіктен бетон алаңға құлап түскен.

Он бес минуттан кейін дәрігерлер Ақтөбе облысының Шалқар ауданында адам қазасын тіркелді. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Бозой елді мекенінің маңынан өтетін «Бұқара-Орал» магистральді газ құбырының 972 шақырымында  «жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында Арал желілік өндірістік басқармасының 52 жастағы инженері құбырға қысылып қалып, қаза болды.

12 сағат 20 минутта Қарағанды облысының Теміртау қаласында орналасқан  «АрселорМиталл Теміртау» АҚ ЖЭО-2-де 26 жастағы машинистің үстіне көмір үйіндісі құлап кеткен.  Оқиға отын беретін цехта №7 қоректендіргіштің торын бульдозермен тазалау кезінде орын алды.

Алматыда троллейбус желісінде жұмыс жүргізу барысында «Алматы-Электротранс» АҚ-ның 19 жастағы электр маманы электр тогынан соккы алып, төрт метр биіктіктен құлап кеткен. Оқиға Әуезов ауданында Саин және Жұбанов көшелерінің қиылысында 15 сағат 53 минутта болды, – деп хабарлайды ТЖМ.

Өндірісте жарақат алудың бесінші оқиғасы Өскемендегі «Қазмырыш» металлургиялық кешенінде орын алды. «Сағат 16-да ақырғы абсорбциялық мұнараны тексеру барысында «SNS Lavain»  компаниясының супервайзері АҚШ-тың 52 жастағы азаматы Лех Долеговски 15 метр биіктіктен құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды, – делінген ТЖМ хабарламасында.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1408
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1241
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 997
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1067