Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2859 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 03:48

ЭКК отырысында мемлекеттің ішкі миграцияны реттеу саясатты талқыланды

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов ҚР үкіметі жанындағы экономикалық консультанттар кеңесінің (ЭКК) кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚР премьерінің баспасөз қызметі. 

Кеңеске қатысушылар қоғамдық проблемаларды талдау орталығының директоры Меруерт Махмутованың, ішкі миграцияның үрдістері мен ішкі миранттардың проблемалары, ішкі мирацияны реттеудегі үкімет саясатына шолу жөніндегі зерттеулері, сондай-ақ жасақталған ұсыныстары бойынша есебін тыңдады.

Одан басқа, М. Махмутова үкіметтің дағдарысқа қарсы күрес шараларын бағалау мен оның экономикалық саясатқа ықпалы туралы баяндамасын ұсынды. Баяндамада ғаламдық дағдарыстың Қазақстан экономикасына ықпалы, экономиканы тұрақтандыру бойынша үкімет шаралары жөнінде зерттеу нәтижелері, сондай-ақ елдің орта және ұзақ мерзімдік экономикалық саясатына енгізілуі тиіс түзетулер бойынша ұсыныстары көрініс тапқан.

Пікірталас барысында профессор Арыстан Есентүгелов, салық төлеушілер ассоциациясының төрағасы Жанат Ертілесова, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Серік Аханов, экономика институтының директоры Оразалы Сәбден, «Атамекен» ҰЭП төраға орынбасары Екатерина Никитинская, «Тран» университетінің ректоры Рахман Алшанов сында танымал экономикалық сарапшылар мен басқа да ЭКК-ке қатысушылар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Экономиалық консультанттар кеңесі ел премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен 2008 жылдың қарашасында елдің жетекші сарапшыларымен өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша консультация жүргізу мақсатында құрылған.

Кеңес құрамына экономикалық мәселелерде маманданып жүрген қазақстандық белді сарапшылар, ғылыми зерттеу орталығының өкілдері кіреді.

0 пікір