Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3062 0 пікір 5 Қазан, 2009 сағат 03:47

Академик Мұхтар Әлиев Қазақстанға оралды – «Азаттық» радосы

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Танымал академик Мұхтар Әлиев ұзақ уақыттан соң Қазақстанға оралды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

«Профессор Мұхтар Әлиев сенбі, 3-шы қыркүйек күні Ұлыбританияның Лондон әуежайынан ұшып шықты. Ұшақ жексенбі күні таңға жақын Алматы әуежайына келіп қонды. Азаттық радиосының репортерлері хабарлағандай Мұхтар Әлиевті бірнеше адам қарсы алды. Үш адам оны әуежайдың VIP-залының алдында күтіп тұрған үкіметтік нормерлері бар джипке апарып отырғызды», - делінеді хабарда.

Атап көрсетілгендей, Азаттық радиосының лондондық репортерімен телефон арқылы болған сұхбатында М. Әлиев эмиграциядан отанына өз еркімен оралудағы негізгі мақсаты – әйелі Минавар Әлиеваға шұғыл емделу үшін Еуропаға баруға рұқсат алу. «Туыстарының айтуынша Минавар Әлиеваның жүрегі аурады. Оның шет елдік төлқұжатын алып қойып, Қазақстаннан шет елге шығуға рұқсат бермей отырғанына бір жарым жыл болды», - деп хабарлайды журналистер.

Мұхтар Әлиевтің айтуынша, әйеліне шет елге шығуға рұқсат алу үшін ол өзінің бұрынғы құдасы - президент Нұрсұлтан Назарбаевпен де кездесуге дайын, әрине, егер ол қабылдайтын болса.

Тілшілердің, егер көпшілік алдында сөз сөйлеуді ұсынса, М. Әлиев оны қалай қабылдаған болар еді, деген сауалына, ол ешқандай баспасөз мәслихатын өткізбейтінін, оның жалғыз мақсаты – әйеліне қолдау көрсетіп және оның шет елге шығуына рұқсат алу екенін айтқан.

Қазақстанда ұзақ мерзімге сотталған және қазір елден тыс жерде жүрген Рахат Әлиевтің әкесі М. Әлиев, 2008 жылы наурызда Австрияға емделу үшін кеткен. Оған қарсы «қару-жарақты заңсыз сақтаған» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған шет елге шығуына рұқсат, тек бір топ саясаткерлер мен журналистер өтінген соң берілген.

0 пікір