Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3103 0 пікір 25 Қыркүйек, 2009 сағат 10:17

Альянс банктің активтері қаңтар-маусымда 10,6% төмендеді

Алматы. 25 қырқүйек. ҚазТАГ – «Альянс банк» АҚ активтері қаңтар-маусымда 10,6%, 669,35 млрд теңгеге дейін төмендеді. Жұма күні ресми баспасөзде жарық көрген Deloitte аудиторлық компаниясы қуаттаған банктің аралық жиынтық есебінде осындай мәлімет келтіріліп отыр.

Аталған кезеңде банктің міндеттемелері 975,5 млрд теңгеден 1,05 трлн теңгеге дейін 7,7% өсті. Банк капиталының дефициті 380,9 млрд теңгені құрады.

Аталған кезеңдегі таза шығын 153,3 млрд теңге болды, өткен жылы қаңтар-маусымда 13,4 млрд теңге көлемінде кіріс тапқан болатын.

Провизияларды қалыптастырғанға дейінгі таза пайыздық кіріс 12,6 млрд теңгені құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1 есеге қысқарды.

2009 жылдың бірінші жарты жылдығында есептелген провизиялар 63,7 млрд теңге болды, 2008 жылдың қаңтар-маусымында 15,8 млрд теңге болған.

Альянс банк активтерінің көлемі бойынша Қазақстан банктерінің арасында алтыншы орынды алады. 2009 жылдың 2 ақпанында мемлекет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арқылы «Сеймар Альянс» қаржы корпорациясынан банктің  76% қарапайым акцияларын пакеті үшін 100 теңгеге сатып алатынын жария етті. Бұған айырбас ретінде банкке 24 млрд теңге қаржылай көмек көрсетілуі тиіс. ҚР БҚА ҰӘҚ-ға банктің акцияларын сатып алуға 2009 жылдың 3 маусымында рұқсат берді. Акцияны сатып алу туралы келісімшарт әлі күнге дейін жүзеге асырылған жоқ. «Самұрық-Қазына» Альянс банктің капиталына кіру процесін 2009 жылдың соңында аяқтауды жоспарлап отыр.

13 сәуірде «Альянс банк»  сыртқы займдарын қайта құрылымдайтыны және 2009 жылдың 19 наурызында және 10 сәуірінде өтелуі тиіс міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бергенін мәлімдеді. 8 шілдеде банк өзінің сыртқы қарызын қайта құрылымдау бойынша кредиторлармен ұстанымды уағдаластыққа қол жеткізгенін хабарлады.

0 пікір