Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 43816 0 пікір 14 Наурыз, 2014 сағат 04:50

«КӨРІСУ КҮНІ» дейтін қазақ этнографиясында күн жоқ!

Уикипедияда берілген мына мәлімет шындыққа сай емес:

Көрісу — Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек календары бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.[1]

Пайдаланған әдебиттер:

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

Наурыздан бөліп алып, тағы бір мерекенің ұшын шығару ұлттық құндылықты бұрмалау: «Бүгін – көрісу айты. Ежелден келе жатқан мереке көп жерлерде ұмыт қалған. Тек еліміздің батыс аймақтары мен Ресейдің Саратов, Астрахан облыстарының қазақтары арасында сақталып отыр»...

«Көрісу күніне» телініп жүрген мына ғұрыптың бәрі кәдімгі наурыздама жоралғылары болып табылады.

Уикипедияда берілген мына мәлімет шындыққа сай емес:

Көрісу — Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек календары бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.[1]

Пайдаланған әдебиттер:

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002

Наурыздан бөліп алып, тағы бір мерекенің ұшын шығару ұлттық құндылықты бұрмалау: «Бүгін – көрісу айты. Ежелден келе жатқан мереке көп жерлерде ұмыт қалған. Тек еліміздің батыс аймақтары мен Ресейдің Саратов, Астрахан облыстарының қазақтары арасында сақталып отыр»...

«Көрісу күніне» телініп жүрген мына ғұрыптың бәрі кәдімгі наурыздама жоралғылары болып табылады.

Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз, алты ай қыстан  аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта- ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтады.

Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін наурызкөжеге шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Қариялардың айтуынша, бұл күні реніште жүрген жандар бас араздығы ұмытып, татуласады. Сондықтан көрісу айты – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекіте түсетін дәстүр.

Көшпелі ғұмыр кешкен ата-бабамыз, алты ай қыстан  аман-есен шығып, көктемге иек артқан шақта- ағайынды іздеп барып, амандық сұрасады. Төс қағыстырып, «Бір жас қосуыңмен», «Жас құтты болсын!» деген тілектер айтады.

 

«Көрісу», «Амал» деген атаулар Наурызға тән ұғымдар!

Наурыздама («наурызнама» емес, қазақтың тойлату секілді «наурыздату» етістігінен) дәстүрі бұрынырақта наурыздың алғашқы күнінен бастап елдің батыс өңіріне қоса, Сыр өңірінің барлығы, Қостанай, Торғай аймағы, ресейлік Ажтархан (Астрахан), Сарытау, Самар, Орынбор облыстары атап өтетін. Бірақ оны «амал» деп те, «көрісу» деп те атамаған, «Наурыз» деген. «Амал» деп атау 1988 жылдан мерекенің 21-22 наурызға ресмиленуінен бастап, халықтық Жыл басы күнінен ажырағысы келмеген бұқара 14 наурызды «Амал» атауға мәжбүр болды.

Тарихта талай идеология шарпысқан, сонда ескі идеология тұтынушылары мен қаһармандары соған тиесілі құндылықтарды жаңаша атап, аман-сақтау қамында болған. Соны бірі – Наурызды «Көрісу айты» атау, мұндағы «айт» исламға қатысты болса, оның Наурызға қатыстылығында қандай мән бар?... Мәселе идеологияның шарпысынан барып осындай кереғарлықтар мен абсурдтар пайда болған.Енді егемен болғанда ондай абсурдтарды балалатып керек емес,керісінше ұлттық құндылықты арашалау мен аршу әрекеті қажет.

Бірі – Наурыздың басы, екіншісі мерекенің шырқау шегі! Бір мейрамның екі сипатының бірігуінен Жыл мерекесінің мазмұны мен маңызы бүгінде барынша тарылды, рухани құндылығымызды біршама шатасуға итермелеп отыр.

  1. Шын мәнінде халқымыз Наурыз айының алғашқы (ескіше – 1 наурыз кәзіргі 14-не сәйкес) күнінен бастап, Наурыз мерекесін бір ай бойы мейрамдаған. Қазақтың белгілі білімдары - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 8 күндік наурыздама өтетінін жазады. Ол ескіше: 1-8 наурыз, кәзіргі күнтізбеде 14-21 наурыз аралығы.
  2. Тағы бір дәйек: Шәкәрім атамыздың баласы Ахаттың естелігінде: «14-март – ескіше 1-март. Әкей айтты: «Бүгін ескіше 1-март, қазақша жаңа жыл, ұлыстың (ұлы істің)  ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі. Жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі әдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс (ұлы іс)  күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлы іс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дәлел бар. «Ұлыс (ұлы іс) күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар».

Шындығында, 13 наурызбен 90 күндік ескі жылдың қысқы маусымы бітетінін ескеріп, астрономиялық үдеріс кезінде Күннің Амал жұлдызына беттеуі Жыл басымен сәйкесуі «табиғи Жыл межесі» БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Жылдың ауысуы да осы құбылысқа тән. Және тоңның жібіп, көктемнің келуі де осы жайтқа қатысты. Қазақтар жазғытұрымды (көктем) жылдың бала шағы, жазды жас шағы, күзді кемелденуі, қысты қартайуы ретінде жанды құбылыс ретінде қараған. Абайды қыс мезгілін кәрі құдаға теңеуі тегін емес, ол қазақы танымды поэзия тіні етіп отыр.

 

14 НАУРЫЗ – ЖЫЛДЫҢ, КӨКТЕМНІҢ БАСЫ!

Сол себепті қазақтар бір бірімен қауышу рәсімін жасап, көріскен, яғни қауышу рәсімін жасаған. Бір жылдың артта қалғанын және жаңа жылдың келгенін осылай қарсы алған.

Мүшел жылы 1 қаңтарда да, 22 наурызда да КІРМЕЙДІ, қазақтың есебі бойынша 14 наурызда кіреді. Жылқы жылы мүшел жүйесі бойынша 14 наурызда кіріп, көктемнің алғашқы күнін, жаңа жылдың маусымашар күнін бастайды. Ескі жылмен қоштасу 13 наурызда болып өтеді.

22 наурыз аса ежелгі Күнге табыну дәстүрінен қалған  төрт мерекенің бірі. Шын мәнінде 14 наурызда жаңа жыл кірсе, 22 наурызда Күн мен Түн теңеліп, бір емес екі мереке беттеседі. Халқымыз бұл екеуінің жігін ажыратпай 8-9 күн бойы, тіпті ежелгі кездері ай бойы атап өткен.

Серік Ерғали, этнограф.

Abai.kz

0 пікір