Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2947 0 пікір 6 Наурыз, 2014 сағат 14:19

Тұтқындалған болашақ: Жіберіңізші, папамызға барамыз...

Қазақстан полицейлік мемлекетке айналғалы біраз жылдың бедері болды. Қазіргі билік бұқарамен, қоғамдық қозғалыс, белсенді азаматтармен, жер бетіндегі жалғыз үйі – баспанасын қорғамақ болған халықпен тек полицейлер кейпінде ғана кездеседі. Ал, полицейлер – «соқыр, мылқау танымас тірі жанды...». Билік қайда жұмсаса, сонда барады. Күн өткен сайын полицейлердің бойынан мейірім, аяушылық, адамшылық дегеннің жұрнағы да қалмай барады – «Қолына алып, бәле салып, аңдығаны өз елі...»

Өкінішті-ақ.

Астанадағы «Қазмедиа» орталығының алдына бала-шағасын шұбыртып, үйлерінен шық деп жатқан тақақтағандардаға қарсы акцияға шыққан «Махаббат» тұрғын үй кешені тұрғындарын екі автобус толы полицей келіп, қатын баланы жау тигендей ұлардай шулатып малша тиеп алып кетті. Осы жағдай таспаланған видео интернетке шығып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қашанғыдай, баяғы сүйекке сіңген әдет бойынша қызына сөйлеп, қызу талқылап, сосын қояды... Өкінішті-ақ.

Жіберіңізші, папама барамын деп жылаған балаларды дырылдатып автобусқа тиеп жатқан қазақ полицейі оның қожасы – билік бәрі-бәрі қорғансыздарға «Құдай» болып тұр... Өкінішті-ақ...

Қайырымсыз, мейірімсіз, аяушылық пен адамшылықтан ада елде халық қай кезде де қорғансыз...

Жіберіңізші, папамызға барамыз... Міне, Қазақстанның полицейлік билігі бүгін өз болашағын тұтқындады!.. Тұтқындау кезегінде – әлі өмірге келмеген ұрпақ қана қалды...

Abai.kz

0 пікір