Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 5 Наурыз, 2014 сағат 06:41

Қазақ Ұлттық Кеңесі: Ресейдің бүгінгі солақай саясатына жол беруге болмайды!

Ресей Украинаға қарсы басқыншылық саясат ұстанып отыр. Украина осы уақытқа дейін халықаралық деңгейде мойындалған, шекарасы бекітілген тәуелсіз мемлекет. Қырымды Украинадан бөліп қарауға болмайды. Қазіргі Украинадағы жағдай олардың ішкі шаруасы. Ресейдің «біз орыстілділердің құқығын қорғаймыз» деп Қырымға өз саясатын жүргізуді көксеуі ешқандай халықаралық нормаға сыймайды. Егер Ресей өзге елдермен де осындай саясат ұстанатын болса, онда негізінен орыс тілінде сөйлейтін Қазақстанның солтүстік облыстары өздерін Ресейдің бір бөлшегі ретінде сезінері анық. Мұндай жағдайда олар ешқашан Қазақстанның тілеуін тілемейді. Егер Украина Қырымнан айырылатын болса, онда мұндай қауіп біздің де басымызға төніп тұрғандығын жасыруға болмайды. Сондықтан ертеңгі күні өз басымызға келетін жайттан бүгін арылу үшін Ресейдің шовинистік шабуылына жол бермеген жөн. Оның үстіне әлемдік деңгейде өз ықпалын, өз саясатын жүргізіп отырған Үлкен Сегіздік көзқарасымен де санасуға тура келеді. Және біз олардың көзқарасын ақымақтық дей алмаймыз.

Путиннің доллар аумағынан шығамыз деуі де оң шешім емес. Қазіргідей алмағайып заманда жаңа валютаны айналымға енгізу экономикалық және саяси қателіктерге ұрындырады. Мұның соңы – жаппай дағдарыс. Дағдарыс соңы – араб елдеріндегідей төңкеріске алып барады. Сондықтан Ресейдің бүгінгі солақай саясатына жол беруге болмайды.    

«Халық өкілдері құрылтайы» құрған

Қазақ Ұлттық Кеңесінің атынан

Мұхтар Шаханов

Abai.kz

0 пікір