Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 23124 0 пікір 27 Ақпан, 2014 сағат 07:52

Жұмабек Тәшенов кім?

Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов.  Алда 20- наурыз қайраткер тұлғаның туылған күні. Марқұм тірі болғанда 99  жасқа толар еді.  Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы.  Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.

 

Тәшенов Жұмабек Ахметұлы кім?

Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшенов.  Алда 20- наурыз қайраткер тұлғаның туылған күні. Марқұм тірі болғанда 99  жасқа толар еді.  Ұлтының басына күн туған, қиын кездерінде қасынан табылған Жұмабек қазақ жерінің телім-телім болып, ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кетпеуі үшін жан аямай күрескен ұлы отаншылы.  Ата-баба аманатына адалдығымен, жерін жатқа беруге қарсы жан аямай күрескен ерлігімен, өз еліне адал азаматтығымен есте қалған қайсар азамат.

 

Тәшенов Жұмабек Ахметұлы кім?

Тәшенов Жұмабек Ахметұлы (20.3.1915, Ақмола облысы Аршалы аудан Бабатай ауылы – 18.11.1986, Шымкент қаласы) – мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының кандидаты (1962). Ақмола құрылыстехникумын (1932), КОКП ОК жанындағыжоғары партия мектебін (1955) бітірген. 1934–1939жылдары Бейнетқор ауданатқарукомитетініңхатшысы, аудан жербөлімінің меңгерушісі, 1939 – 1943 жылдары Ақмолаоблысы жер бөлімі бастығының орынбасары, 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысыатқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952) болды. 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы, 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы, 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.(Википедия ашық энцклопедиясынан алынды).

 

Жер мен ел үшін күрескен ұлы тұлға

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” депайыпталып, Н.Хрущевтіңнұсқауыменқызметіненбосатылды.

Жұмабектің атамыздың ең көп айтылатын ерлігі: Қазақ жерінің талан-таржыға салуға қарсы күресі.

Бірінші, 1950-1956 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан Облысының Бостандық, Мақтаарал аудандарын өзбекстанға беруге қарсылық. 1950  жылдары Кеңес Одағының басшысы Хрущевтің қолдауымен орыс шовенистері қазақстанды паршалау арқылы, қазақтан келетін қауыптың алдын алуды жоспарлады. Ал Өзбектер өзіне күндес, бәсекелес есептейтін қойдан қоңыр қазақтың жерін тартып алуды орыстардың қолымен, атап айтқанда Никита Хрущевтің қолымен жасады. Қай кезде де орыстар өздеріне келетін қауыпты ең алдымен қазақтан іздейтін. Орыстар бірнеше  түрлі саяси мақсаттағы жобаны ойлап, тауып жоспарлады. Тіпті, өздерінің сенімді адамдары арқылы Хрущевке мақұлдатты. Міне соның біріншісі, Бостандық ауданын Өзбекстанға қосу жоспары болатын. Өзбектердің көрсеткен себебінде, бұл аудандарға қазақтар өзбекстан арқылы өтетіндігі мен Тәшкентке жақындығы айтылып, оның үстіне  мақта мол шығатын аудандары бір басшылыққа жинап, еңбек өнімділігі мен басқаруды қолайлы етукерек деп көрсетілді. Сол арқылы қазағы көп оңтүстік аудандарды Өзбекстанға қосу арқылы қазақтың күшін әлсіретуді көздеді. Міне дәл сол кезде, 1955 –1960 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы қызметін атқаратын Жұмабек Тәшенов өзі төрағалық етіп, осы мәселе бойынша арнаулы комиссия құрды. Комисся шешімі бойынша: “Бостандық ауданының жері мал өсіруге ыңғайлы, құрылыс материалдарын өндіруге, су-энергетикалық қоры мол, қорғасын, көмір және машина жасау өндірістерінің жұмыскерлері демалатын санаторийлер ұйымдастыруға өте қолайлы. Сондықтан бұл ауданды Өзбекстанға беруді қолайсыз санаймыз” деген шешім шығарады.

Комиссия шешімі 1955 жылдың 1 маусымында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Л.Брежневке жіберіледі. Л.Брежнев басқарған ОК комиссияның қорытындысына қарсы келмеді. Қайта қолдау білдіріп, “Бостандық ауданы Өзбекстанға берілмесін” деген қаулы қабылдайды. Өкініштісі, Москва өз шешімдерін өзгертпеді. Осылайша қасиетті қазақ жері Өзбектерге беріліп кетті. Тіптен кейін өзбектер осы тәсілмен Мақтарал ауданын, Түркістан, Бағыс ауылдарын иемденіп кетті. Ал қазақтың салақ басшылары бұл мәселеде салғырттық істеп, өзбектерге көмектесті. Деседе Қазақтардың тепкінді қарсылығы Москваны ойландырып тастады.

Екінші, Солтүстік облыстарды, Тың өлкесін Ресейге қосуды тоқтатты. Академик Б. Ермұқанов «Сіз бізге қарсы емессіз, сіз өз күйіңізді күйттейсіз» деген мақаласында мынадай мысал келтіреді: ғұндардың ұлы мемлекетінің іргесін қалаушы Модэге (б. з. д. 209 ж.) дұшпандар келіп, одан сәйгүлік арғымағын беруді талап етіп, сонан соң ғұндардың аса сүйікті әйелдерінің біреуін алып кетуін емеурінмен білдіреді, ол сұрағандарын береді. Ал олар жердің бір бөлігін алғысы келгенде, ол ашуға булығып: «Жер — мемлекеттің тұғыры, оны қалай беремін?», — дейді. Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің бастарын шауып, жауларға тарпа бас салып, оларды талқандаған. Одан әрі мақала авторы мына жәйтке назар аудартады: «… 60-шы жылдардың бас кезінде КОКП генсек Никита Хрущев Қазақстанның бес облысы (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Павлодар) кірген Тың өлкесі деп аталатын құрылым арқылы өлкені тікелей орталыққа бағындырып, іс жүзінде қазақ жерін күштеп бөлшектеуге жанталаса ұмтылған кезде республиканың аумақтық тұтастығына айтарлықтай қатер төнген еді. Бағымызға қарай, осы сәтте Хрущевтің буынсыз жерге пышақ салған ұсынысына өжет басшы — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенев батыл қарсы шықты. Ақыры Одақ басшысының бұл даурықпа дәмегөйлік пиғылы жүзеге аспай қалды».

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан Облысының зеинеткері, Рүстем УӘЙІСОВ өзінің «АЛАШТЫҢ АСЫЛ ПЕРЗЕНТІ Жұмабек Тәшеновтің есімі – жадымызда» атты мақаласында былай дейді: «Бірақ Жұмекең ата-мекенді саудаға салуға, сөйтіп қазақ халқының алдында ауыр күнәға батуға әсте бармады, бірінші хатшының ілтипат көрсетіп, асты-үстіне түскенінен бойын ала қашты. Республика басшыларының бәрі дерлік Тың өлкесін РСФСР-ға беруге де, орталыққа тура бағындыруға да қарсы болмады. Тек баяғы заманда Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Наурызбай сияқты батыр бабаларымыз қан төгіп, сыртқы жаулармен соғысып, аман сақтап қалған қазақ халқының атамекенін Ресейге беріп жіберуге қарсы болған жалғыз адам – Жұмабек Тәшенов. Нақтылап айтсақ, Н.Хрущев Қазақстан Компартиясы ОК-нің бюро мүшелерін түгел Мәскеуге шақырып, Қазақстанның солтүстігіндегі бес облысты Ресейге қосу туралы мәселені талқыға салған. Сонда Ж.Тәшенов тұрып: “Я родом из Акмолинска. Двенадцать лет работал в Северо-Казахстанской области. Мои родители и их родители, да и все наши предки покоятся на этой земле. И вы теперь хотите эту землю передать России? Вдумайтесь, товарищи, какой казах с этим согласится?.. Я, например, категорически против постановки данного вопроса!..” – деп тойтарыс берген... Осы бірауыз тарихи сөз Қазақстанның солтүстік аудандарын Ресей құрамына өтіп кетуден сақтап қалғаны айна-қатесіз ақиқат».

Марқұмның бұндай ерліктерін тізіп жаза берсек, әлде неше том романдар болатыны сөзсіз.

 

Аршалы ауданына Тәшеновтың есімі лайық!

Қасиетті Сарыарқаның төсінде асқақ Астанамыз бой көтеріп, көк туымыздың желбірегенін көрген әр қазақ үшін Жұмабек атамызды еске алу парыз! Жұмабек міне осы өлкенің тумасы. Астана қаласынан Қарағанды қаласына қатынайтын тас жолдың бойында, Астанадан 25км қашықтықта батырдың туылған жері Бабатай ауылы тұр. Өз кезінде осы топырақтың нәрін еміп, бабаларының аманатын арқалап өскен азамат Тәуелсіздіктің ақ таңын көре алмады, өзі шыр-пыр болып қорғаған қасиетті Ақмола жерінде Астандай алып шаһардың бой көтергенін де көре алмады. Бірақ, ұрпақтары көрді.

Жұмабек атамыз өзінің саясаткерлігі мен шешендігі, салауаттылығы мен салмағы арқылы қазақ жерінің тұтастығы үшін күресті. Мәнсап пен пенделік нәпсіге құл болудан ада болды, жалтақтаған жағымпаз тұлғалардың алдында өзінің ар-намысының биіктігі мен ата-баба аманатына адалдығы арқылы биктігін көрсетті. Жерге қорған, елге тұтқа болды.

Қазақстанның осындай кең-байтақ жеріне ие болуына өлшеусіз еңбек еткен ұлы тұлғаға бір ауылдың, тіпті мектептің де аты берілмеуі – жүректі мұңайтып, жұртты қынжылтады.  Тіптен бір мектеп, ауыл емес аудан, облыстың атын Тәшеновтай атамыздың атына берсек те сол еңбегі өтелмес. Ата-бабамыздан келе жатқан: «Өз ұлтының ұлыларын ұлықтамау, ол – сатқындықтың сатқындығы» - деген аталы сөзін еске алғанда намыстанамыз.

Құрметті, Қазақстандықтар, құрметті оқырман!

Жұмабек Тәшенов атамыздың келе жатқан туылған күніне орай, Қарағанды-Астана тас жолының бойындағы, астанға кіреберіс «Жібек жолы Ауылының» атын «Жұмабек Тәшенов ауылы» деп өзгерту, жол бойына еңселі Мүсінін орнатып, мұражай құрылысын орналастыру керек деп есптеймін.

Алла қаласа, келесі жылы марқұмның 100 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуге себепкер болғымыз келеді. Келсеі жылы наурыз айнда марқұмға арнап асберіп, дүбірлі конференция жасау жоспарланған. Ең маңыздысы «Аршалы ауданының» атын «Жұмабек Тәшенов ауданы» деп атауға дауыс жинаудың басталғанын хабарлаймыз.

Атамыздың еңбегін ескеріп, ұлағатын ұлықтау, қазақ үшін істеген өлшеусіз еңбегін ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етіп қалтыру – тәуелсіздіктің бүгінгі ұрпақтарына сын, аманат, парыз!

Дайындаған - Ахметұлы Бейсен

Abai.kz

0 пікір