Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3408 0 пікір 27 Ақпан, 2014 сағат 07:37

Жұмаш Көкбөрі. Янукович Мәскеуде ме?

Ресейдің РБК ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Украинаның бұрынғы қашқын президенті Янукович 2014 жылдың 24-25 ақпанында Мәскеуге қашып келіп, Ресей президенті жанынындағы Барвиха санаторийінде дем алып жатқан көрінді.

Янукович қасындағы өзімен бірге қашып келген бір топ бұрынғы жоғары шенді шенеуніктерімен Мәскеудегі «Украина» қонақүйінің 11-қабатында таң атқанша той тойлапты. Сонда олар ненің құрметіне ұлан-асыр той жасағандары да түсініксіз. Украинаның бұрынғы бас прокуроры Пшонко да Януковичпен бірге көрінеді. Бір қызығы, В.Путиннің баспасөз хатшысы Лесков мұндай хабарды естімеген болып шықты.

Ресей болса, әлі күнге дейін орнынан тайдырылған Януковичті  Украинаның заңды президенті санайтынын ашық мойындап отыр.

Ресейдің РБК ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Украинаның бұрынғы қашқын президенті Янукович 2014 жылдың 24-25 ақпанында Мәскеуге қашып келіп, Ресей президенті жанынындағы Барвиха санаторийінде дем алып жатқан көрінді.

Янукович қасындағы өзімен бірге қашып келген бір топ бұрынғы жоғары шенді шенеуніктерімен Мәскеудегі «Украина» қонақүйінің 11-қабатында таң атқанша той тойлапты. Сонда олар ненің құрметіне ұлан-асыр той жасағандары да түсініксіз. Украинаның бұрынғы бас прокуроры Пшонко да Януковичпен бірге көрінеді. Бір қызығы, В.Путиннің баспасөз хатшысы Лесков мұндай хабарды естімеген болып шықты.

Ресей болса, әлі күнге дейін орнынан тайдырылған Януковичті  Украинаның заңды президенті санайтынын ашық мойындап отыр.

Ал, азаткер Украинаның жаңа Үкіметі мен Радасы Янукович әлі күнге дейін Қырымда бассауғалап жүр деп хабарлайды. Украина ішкі істер министрінің міндетін атарушы Арсен Аваковтың айтуына қарағанда, Қырымда януковичтерді өз көздерімен көрген адамдар болған, олар Януковичті ұстау мүмкіндігі бола тұрып, саналы түрде қазіргі Қырымдағы жағдайға байланысты мәселені ушықтырмауға тырысқан. Янукович сол арадан алдымен әскери кемеге мініп, кейін әскери тікұшақпен Ресейге қашып кетуін де ешкім жоққа шығрмайды. «Қасақана адам өлтірді» деген айыппен халықаралық іздеу жүріп жатқан Януковичтің дәл қазір қайда екенін ешкім нақты тап басып айта алмайды. Қазақтың халық әнінің мәтінінде айтылатындай: «арғы жағын айтпаймын, ішің білсін, әлуәй...» болып тұр.

«ЛигаБизнесИнформ» басылымының хабарлауынша, Януковичтің жеке басының байлығы 12 миллиард АҚШ долларын құрайды екен. Әрине, бұл біздің Қазақстанда қолды болған 145 миллиард АҚШ долларының қасында түк емес...

Қазірдің өзінде АҚШ-тың қаржы саласына жауапты адамдары  Януковичтің ұралаған-жырлаған 12 млрд. долларының қайда жасырылғанына іздеу салынғаны туралы хабар таратып та үлгерді. Украинаның жаңа билігі осы бір қолды болған мол қаржының белгілі бір бөлігін отанға қайтаруға күш салатыны анық дейді сол ақпарат көзі.

Кеше Украинанының шығыс бөлігінде, атап айтқанда Қырымның Симферпополь қаласында Ресей жақтастары митингі өткізіп, өздерін әлі күнге дейін Ресейдің бір бөлігі санайтындарын және Украинаның  жаңа билігін мойындамайтындарын білдірді.

Маған қатты әсер еткені - осы митингіде бір қырым ақсақалының соншалықты өзеуреп қоймай, өздерінің орыссыз күн көре алмайтындарын, орыс халқына мәңгі қарыздар екенін, мына Украин Радасы шешімдерімен келіспейтінін, т.б. сөздерді орысша және қырым татары тілінде алма кезек ашына айтқаны болды. Менің білуімше, кешегі қызыл империя кезінде ең көп қырғынды, саяси қуғын-сүргінді көп көрген қайран қырым татарларының соншалықты орысқа емешегінің үзіліп тұрғаны болды...

Осы күні Ресей Украинамен шектесетін аймақта орналасқан әскери қарулы күштерін орнынан тік көтерді. Олардың арасында әскери ұшақтар мен тікұшақтар, әуе десанттары, басқа да осы заманғы ең озық әскери техникалар бар. Ресей қорғаныс министрі Шойгудың айтуына қарағанда, бұл кезекті әскери жаттығу көрінеді. Әрине, ылайым солай болғай...

Сонымен, Украин халқының табан ақы, маңдай терімен табылған 12 млрд. долларын жымқырған қашқын Януковичтің айналасында қаншама айғай-шу болып жатыр десеңізші!..

Осыншама миллиард долларды қалтасына жымқырып қашып жүрген Янукович көп адамға ұнайтын да сияқты. Әлгі қазақтың қанатты сөзіндегі: «күлшелі бала сүйкімді» деп бейнеленгенінен аусайшы бір...

Ал, біздегі орысқұл билік қанша Мәскеуге жан тартқанымен, ол «ыстық сезімдерін» ашық білдіре алмай, пұшайман болып отыр. Кеше Елбасының қауіпсіздік кеңесінде біз әсіресе, тарап жатқан әртүрлі ақпаратқа асқан сақтықпен қарағанымыз жөн деген сияқты сөздерінің астарында не жатыр, оны да тарқатып айтатын адам жоқ. Осы Украинадағы жағдайға байланысты бізде де бірдеңе болып кетпесін деген сақтық па, жоқ, басқа ма?

Ғаламтордағы бір ақпаратқа қарағанда, біздің Елбасымыз алдағы уақыттардың бірінде Мәскеуге барып, бір жоғары оқу орны студенттерінің алдында Еуразиялық одақ туралы лекция оқымақ көрінеді. Соған қарағанда, Қазақстан әлі де «Еуроазиялық одаққа» қатты сенетін сияқты ма қалай? Ал, іргеміздегі қырғыз бауырларымыз болса, ол тұзаққа түсіп қалмаудың жолдарын іздестіруде. Біз болсақ, өзіміз мойнымызды қыл бұрауға тосып әлекпіз...

АҚШ, Англия, Батыс елдері Укринаға өздерінің көмек қолдарын созуда. Олар Ресей президентін Украин мәселесінде сан рет сабырлы болуға шақырды. Халықаралық ГАГА сотына тартылатын ұры Янукович Украин халқының бар жиған-тергенін (бір өзі ғана 12 миллиард АҚШ долларын ұрлап кеткен) қалтасына басып, қашып жүр. Ресей қарулы күштері Украинаның тап іргесінде әскери "жаттығу" өткізіп жатыр. Қазақстан билігі  болса, азаткер Украинаның бұл қадамын не қолдамайды, не жоққа шығармайды. Бір сөзбен айтқанда, бұл жөнінде жұмған аузын ашар емес. Әлде олар ертең «өгізге туған күн, бұзауға да тумасын» деп тілей ме екен?..

Abai.kz

0 пікір