Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3185 0 пікір 20 Ақпан, 2014 сағат 05:54

«Ақ жол» партиясы мал шаруашылығы саласын қорғауға шықты

«Ақ жол» партиясы мал шаруашылығы саласын қорғауға шықты» деп хабарлайды  «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі. 

Әңгіме мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында субсидиялау – 088 бюджеттік бағдарламасы  бойынша қаржыландыру мерзімінің бұзылуы туралы болып отыр.

«Бұл кешіктірулер жыл сайын жүйелі түрде сипат алуда. 2013 жылы Қазақстанның мал шаруашылығы саласы  үлкен дағдарысқа тап болды, оны 2014 жылы уақтылы субсидиялау, саланы одан әрі дамытудың қажетті шарты болып табылады. Мысалы, 2012 жылы субсидиялау тек мамырдың басында, 2013 жылы – наурыздың соңында басталды. Ағымдағы жылы барлығы да өткен жылдардың үлгісі бойынша жылжып келеді. Ал, көптеген ауылшаруашылық кәсіпорындары Ауылшаруашылығы министрлігі уәде еткендей, бұл ақшаны 2014 жылдың қаңтарында алуға үміттеніп, оны өз кәсіпорындарына (негізгі қорларын жаңартуға, несиелерін төлеуге) жұмсауға жоспарлап қойған, мемлекеттік қолдаудың мерзімдерінің бұзылуы олардың өндірістік жоспарларынан бастап,  несиелерін жабу кестесіне дейін бұзылуына әкеледі», - деді Мәжілістің пленарлық отырысында  фракция атынан депутаттық сауал жасаған Екатерина Никитинская.

Өздеріңізге мәлім, бірінші тоқсан, ал нақтырақ айтсақ,  қаңтар-ақпан айлары сату көлемі 2 есеге дейін құлдырайтын шақ. Бұл сала үшін субсидия төлемдерінің кешігуімен бірге ахуалды мүлдем қиындатады.

Сауалда мысал ретінде құс шаруашылығындағы жағдай келтірілді: 2012 жылы елімізде 319 000 тонна құс еті пайдаланылған, оның ішінде  193 000 тонна құс еті – яғни 60 %-ы импортқа шығарылған.

Егер өткен жылы, отандық өндірушілер Украина және Кедендік одақ тарапынан арам бәсекелестікпен күрессе, бүгінгі таңда  біздің өндірушілер елімізде азық-түлік қауіпсіздігі үшін қажетті құс етін өндіруде отандық үлесті қазіргі 40 %-дан 70 %-ға дейін көтеруді жалғастыру үшін мемлекеттің жоспарланған субсидия түріндегі қолдауын ала алмай отыр, - деп күйінді депутат Е.Никитинская.

Депутат жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысы туралы еске салды, онда Президент отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді, және оның өндіруші кәсіпорындары болуына көңіл бөлуді тапсырған.  «Мал шаруашылығы, өңдеуді қоса алғанда, экономиканың дәл осындай секторы болып табылады», - дейді ол.

Осындай мемлекеттік қолдаулар Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – 2020 Бағдарламасында қарастырылған, «Ақ жол» фракциясының депутаттары Үкіметке және Ауылшаруашылық министрлігіне осындай кешіктіруді мүлдем болдырмау үшін үш жылға бекітілетін Субсидиялау ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1326
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1182
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 925
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1036