Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3659 0 пікір 20 Ақпан, 2014 сағат 04:13

Есімовтің есеп беру "концерті"(Тікелей репортаж)

«Абай» порталының тілшісі Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің есеп беру «концертінде» отыр. «Концерт» деппіз-ау, шапалақ көп соғылып жатыр деген соң солай ойлап қалдық. Әйтпесе әкімнің қала жұртымен кездесуі ғой... Біз енді осы «есепті» дәл уақытында назарларыңызға  ұсынып отырамыз.

Алматы. Республика сарайы. Қала әкімі Есімовтың есіл жұртымен кездесіп есеп беретін жиынына келіп отырмын. Үлкен зал лық толы. Біз баспасөз өкілдері бөлек отырмыз. Маңайымда әзірге қазақ баспасөзінен ешкім көріне қойған жоқ. Аздан соң келіп қалар. Айтпақшы, Куянов жүр. Қойқаң-қойқаң етеді. "Алматы" арнасының басшысы Есімовтың баспасөз қызметін де басқаратын сияқты. Есімов әлі төбе көрсете қойған жоқ. Алдын ала беріліп жатқан ақпараттарға қарағанда өткен жылы 420 отбасы пәтерлі болыпты, Алматы 95 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етіліпті.

"Желтоқсан ақиқаты" қозғалысының мүшелері әкімнің есеп беру жиынына кіре алмай тұр. Олардың әкімге қоятын 7 сұрағы бар екен. "Не қабылдауына жете алмаймыз, не халықпен жүздесуіне кіре алмаймыз. Бұл өзі қандай адам? Есімов мемлекетттік қызметкер емес, хан сияқты" дейді олар.

Ахметтжан келді, сағат 9.55.

Ахметжан Самгулович Есимовке сөз беріледі деді. 

Ары қарай:

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімвотың есебі түгелдей орыс тілінде болып жатыр. Ең бастапқы 2 минут уақыт та қазақшаға толық бұйырмады. Енді Ахаңның не айтып, не қойып жатқанын қысқа-қысқа мазмұндап көрелік.

Алматыдағы автокөліктерді газбен жүретін жасаймыз деді. Бәрекелді!

Осы күнде метромен күніне 80 мың адам  жүретін болыпты. «Осыны айтқанымда тек осы салада жүргендер ғана қол соққан сияқты, қалғандарың қайда қарап отырсыңдар» дегендей болды.

 2013 жылды керемет етіп қортындыладық, еліміз елу елдің қатарынан озып енді отыз елдің қатарына енуді көздеп отыр.

Сәуір айынан бастап жалақы, зейнетақы, шәкіртақы өстенідігі туралы айтты. Өткенде Президент үкіметтің жиынында не айтса, Ахаң соны қайталауда.

Айтпақшы, нанның бағасында өзгеріс болмайды деді.

2013 жылы жалпы ұзыныдығы 141 км инженерлік желілерді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде су құбыры мен кәріз желілері -63 км, электрмен жабдықтау желілері, - 36 , жылумен жабдықтау желілері - 21 болды

Алматы қласы Қазақстандағы Жалпы ішкі өнімнің 18,3 пайызына дейін қамтамасыз етіп, ел қазанысына мембюджеттің барлық кірісінің 28 пайызын береді. "Алматы - ел бюджетінің донноры болып қала береді" деп атап өтті әкім.

Әкім осндай-ақ Алматыда демалыс орындарының көбейіп келе жатқанын, демлушылардың да көбейе бастағанын айтты. Медеуге келіп көріңіздер, сенбі, жексенбі күндері халық толып жүреді деді Ахаң.

2014 жыл 2017 жылғы Универисадаға дайындықтың басы екен.

2016 жылдың айғында Универисадаға дайындық аяқталады, времена очень мало деді әкім.

Алматыда былтыр бокстан әлем чемпионаты өтті, бірнеше өнер жұлдыздарының концерттері өтті, біз Аламтыны турситер көп келетін қалаға айналдыра береміз деді.

Керемет айтқан сөздерінің бірі -  Алматы ТМД бойынша ТМД-нің Мәдени астанасы деп танылыпты!

Эколгоия. 36 361 түп жасыл желек отырғызылған. жалпы қала бойынша 190 мың шаршы метр жер гүлдермен қамтылыпты, оның ішінде бюджет қаржы есебінен жалпы көлемі 75 мың шаршы метрден астам жалпы қалалық аумақтараға гүлдер, розарилер, газондар салынған.

Сондай-ақ ол жолкөлік апатын болдырмау үшін жол бойларына шарбақтар қойылатынан айтты.

Алматы қаласының денсаулық сақтау ісіне  56, 4 млрд тенге бөлініпті. 

Алматыдағы мектептердің күрделі жөндеуден өтпегені жоқ. Үш ауысымда оқытатын мектепті таппайсыз. Былтыр үш мектеп салынды.

Ол кісі залда кімдердің шапалақ соғып отырғанын қол соғыстарынан біледі екен. Міне, менің сөзіме осы жолы мұғалімдер мен дәрігерлер қол соқты деді. 

Аламтыда 2014 жыл Білім жылы деп жарияланды!

Полициямыз заманауи технологиямен жұмыс жасап үйренуі керек деді әкім.

Сағат 11:05-те Есімовтің есеп беру жиыны аяқталды. Сүйікті қаламызды дамыта берейік, ардақты ағайын деген сөзді қағазға қарап әрең оқыды.

                                                                                     Халық сұрағы, әкім жауабы

- Жанқожа батыр көшесі жаңбыр жауса, суға толып кетеді. Жүру мүмкін емес.Осы көше жөнделсе екен. Біз сізге сенеміз.

– Алатау ауданының да әкміне де сенетін шығарсыз?

Мәнізорв: Шаңыраққа кіретін көшелерді жөнедеп тастадық.

- Барахолкадағы «жеңіс» базарын жауып тастасақ...

– 17 базар сүріліп тасталды, оның 8-інің электр жағдайы өте қауіпті.Бірақ ешкім базарсыз қалмайды. Барлығңызға жаңа жұмыс орыны беріледі.

- Бізде орталық су ағатын құбыр жоқ(Түркісб ауданының тұрғыны). Сонда да  орталық құбырдан су тұтынатын адамдар сияқты бізге де судың ақшасы келіп тұрады. Біз жеке сектормыз. Бұл қалай болғаны?

– Бұлай болуы мүмкін емес. Ол мәселе қаралады. Орталық канализацциядан адамдар барып мәселенің мән-жайын анықтайды.

- Шымбұлаққа шығуға шығу қиындап кетті. Осыны қалай реттеуге болады? (қағазға қараған жігіт)

-  Шымбұлаққа шығу қиындап кетті. Машиналарға тұрақтар жасаймыз. Халық қазір Шымбұлаққа көп баратын болды ғой...

- Рысқұлов-Петров көшесінен өту қиын. Осы мәселені шешіп беріңізші. Жолды кеңейтетіз бе, әлде не істейсіз?

Есімов мәслихат хатшысына қарап не дейді деп сұрап алды да:

- Ә, ол біздің жоспарымызда бар, ол жерге үлкен жол айрығы салынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1336
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 933
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1042