Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3046 0 пікір 17 Ақпан, 2014 сағат 11:56

Митингіні ешкім ұйымдастырмаған...

Бүгін Алматыда Мұхтар Тайжан мен Ермек Нарымбаев баспасөз мәслихатын жасап, теңгенің құнсыздану, Президент қатысуымен жұма күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы және сенбі күні митинг туралы көзқарас, ұстанымдарын жария етті.

Белгілі болғандай, сенбіде өткен митингіге негізінен орыстілді қазақтар шыққан. Мұны екі жағдаймен түсіндіруге болады: біріншіден, орыстілді қазақтар өз көзқарас, ұстанымдарын ашық айтудан жасқанбайды және батыл келеді. Екіншіден, олар белгілі бір деңгейде тұрмыстық тәуелсіздікке қол жеткізген. Яғни, үй-күйі бар.

Ал, қазақтілді қазақтарға келсек, олардың көп бөлігі тұрмыстық илеуде. Яғни, саяси-экономикалық жағдайға іштей келіспесе де, ашық наразылық танытуға қорқады. Өйткені, қызметінен, жұмысынан айырылады. Жұмыстан қудалану – тіршілік көзін бітейді. Қазақтілді қазақтың келесі бір бөлігі, кез келген оқиғаны сырттай бақылаушы және әлеуметтік желілер арқылы өзінің билікке қарсы екенін ашық айтпаса да, әртүрлі постармен ғана білдіреді. Яғни, әлдеқандай күн туса, «мен де айтқанмын, жазғанмын» деген ақталуға дайындық. Бұл топ әрекетке бармайды.

Митингіге қатысқан екі азамат: Әділ Берсәлімов - 15, Әділхан Ермекбаев – 10 тәулікке қамауға алынған. Айыппұл салынған азаматтардың тізімін және айыппұл көлемін «Ар.Рух.Хақ» ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожинаның фейсбук парақшасынан көре аласыздар: https://www.facebook.com/cinemakaz

Баспасөз мәслихатында айтылған негізгі мәселелерді беріп отырмыз. Ал, мәслиахттың толық нұсқасын төмендегі аудио нұсқадан тыңдай аласыздар!

Мұхтар Тайжан:

- Сенбі күнгі митингіні ешкім арнайы ұйымдастырмаған. Теңгенің құнсыздануы мен тұтыну тауарлары бағасының өсуіне наразы топ өздері жиналып, Үкімет пен Ұлттық банктің саясатына қарсылықтарын білдірген.

Тұтқындалған адамдарды әкімшілік сотқа тартып, әртүрлі айыппұл салды. Айыппұлды толығымен қалталы азаматтар бөлісіп төлейтін болды. Бұл – қоғамның бірлігінің көрінісі.

Митингіге шыққан адамдарды айыптап жатқан кейбір діни ағымдардың әрекетіне түбегейлі қарсымын. Олармен келіспеймін.

Билікті елдегі қалыптасқан жағдайға өз ойын, пікірін, көзқарасын, наразылығын ашық айтып, митингіге шыққан адамдарды қудаламауға шақырамыз.

Жұма күні өткен Үкіметтің кеңейітлген отырысында Президенттің аузынан шыққан жерді жалға беру, қазба байлықтарды зерттеуді 3-4 шақырым тереңдікте жүргізу және инвесторларға барынша жағдай жасау деген сөздері мені қатты алаңдатты.

Біз қазақ жерін ешкімге, ешқашан жалға беруге жол бермейміз.

Қазба байлықтарды зерттеуді 3-4 шақырым тереңдікте жүргізу – біз болашақ ұрпағымызға не қалдырамыз сонда?

Ивесторларға Қазақстандағыдай жағдай ешбір елде жасалып отырған жоқ. Біз әлі күнге инвесторлармен жасалған келісі-шарттарды білмейміз. Оның бәрі құпия. Басқа елде мұндай стратегиялық келісімдер Парламентте талқыланып, соның мақұлдануымен ғана жүзеге асады. Инвесторларға жағдай жасағанша, өз халқымызға жағдай жасайық.

Еңбек күшін сырттан әкелуге де қарсымын. Шетелдік компанияларда жұмыс істейтін шетелдік еңбек күштерінің жергілікті жұмысшылардан бірнеше есе жоғары жалақы алатыны талай рет айтылды, жазылды. Соны біле тұра, еңбек күшін сырттан алдыру, жергілік жұмысшылар үлкен еңбекақы талап етеді деген сөзге қосылмаймын.

Ермек Нарымбаев:

- Билік – мылқау. Ешкімді тыңдағысы да, сөйлескісі де, санасқысы да келмейді. Бұл – биліктің өзі үшін үлкен қатер. Сондықтанда, мен билікті диалогқа шақырамын. Кез келген мәселені бірлесе талқылау арқылы ғана шешуге болады.

Менің ұсынысым: қоғамдық комиссия құрылса. Ол комиссияға халықты алаңдатқан сауалдарды билікпен тең дәрежеде талқылап, шешетіндей мүмкіндік берілсе. Бюджеттің қаржысын қадағалауға орай тудырса және банктердің несиелік мәселесіне қатысты құжаттарды қарауына жол ашса.

Комиссия құрамына қоғам алдында беделі бар, халық сенетін адамдар енсе.

Егер билік соқыр, мылқау кейіптен шығып, диалогқа шықпаса, онда түбінде бас бермес тобырмен бетпе-бет келеді.

Сенбідегі митинг халықаралық БАҚ та кеңінен көрініс тапты. Еuronews телеарнасынан бастап, Ресейлік арналардың көбінде Алматыдағы жағдай сөз болды.

Ал, митингілер жалғаса ма, жоқ па оны ешкім дөп басып айта алмайды.

Мұхтар Тайжан мен Ермек Нарымбаев өткізген баспасөз мәслихатының толық аудио нұсқасын мына жерден тыңдай аласыздар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608